Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-2 - Көмір байыту қалдықтарының фракциялық құрамының керамикалық қабырға материалдарының қасиеттеріне әсері

Көмір байыту қалдықтарының фракциялық құрамының керамикалық қабырға материалдарының қасиеттеріне әсері

Автор: М.Т. Жүгінісов

Сәтбаев университеті, Алматы қ., Қазақстан
Бет 15-21

https://doi.org/10.55956/CZDP5801

Аңдатпа. Қарағанды және Екібастұз көмір кен орындарының көмірді байыту қалдықтарының химиялық, минералогиялық және химиялық құрамы зерттелді. Көмірді байыту қалдықтарын 0,14-0,315 мм аз ұнтақтау кезінде қажетті қалыптау және күйдіру қасиеттеріне қол жеткізілгені анықталды. Үлгілерді 1000оС температурада күйдіру кезінде жоғары беріктік мәндеріне және суды сіңірудің жеткілікті төмен көрсеткіштеріне қол жеткізіледі. Пісімделу температурасының 1050оС дейін жоғарылауы сығылу беріктігін одан әрі арттыруға және судың сіңуін төмендетуге көмектеседі. 0,63 мм фракциясы үшін үлгілердің максималды беріктігі 17,1 МПа, 0,315 мм фракциясы үшін – 22,7 МПа, 0,14 мм фракциясы үшін 25,4 МПа ,су сіңірімділік сәйкесінше 15,6, 13,4 және 12,2% құрайды.

Тірек сөздер: көмір байыту қалдықтары, керамикалық қабырға материалдары, аргиллит, күйдіру, беріктік, тығыздық.

Жүгінісов, М.Т. Көмір байыту қалдықтарының фракциялық құрамының керамикалық қабырға материалдарының қасиеттеріне әсері [Мәтін] / М.Т. Жүгінісов // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №2(80). – Б.15-21. https://doi.org/10.55956/CZDP5801

(PDF)