Мақаланы онлайн платформа арқылы жіберер алдында, оның Автор нұсқаулығында келтірілген барлық талаптарға сай рәсімделгеніне көз жеткізіңіз. Егер талаптарға сай рәсімделмеген жағдайда, мақала редакция тарапынан қаралмайтынын ескертеміз.
- Мақала бұрын жарияланбаған және жариялану мақсатында басқа басылымдарға берілмеген.
- Мақала көлемі (беттер саны) 6-12 бет аралығында.
- Мақаланың рәсімделуі (мәтін, кестелер, суреттер параметрлері) талаптарға сәйкес келеді. Суреттердің сапасы жоғары.
- Мақаланың құрылымы барлық негізгі элементтерді қамтиды (тақырыбы, аңдатпа, тірек сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылаулар, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда) және әдебиеттер тізімі).
- Мақалада түйіндеме ақпарат берілген (ағылшын немесе қазақ/орыс тілдерінде).
- Әдебиеттер тізімінің рәсімделуі ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес жасалған. Бар болған жағдайда DOI индексі мен URL берілген.
- Мақала ғылыми әдеп қағидаттарын ұстана отырып дайындалған. Жарияланған жұмыстар мәтіндерінен көшірмелер жасалмаған, ал алынған жағдайда – талаптарға сәйкес рәсімделген.
- Барлық авторлар мақаланың мазмұнымен таныс және оны жариялауға келісім берген (қарсылығы жоқ).