Құрметті автор!

Мақалаңызды журналға жіберер алдында оның редакция талаптарына сай рәсімделгеніне көз жеткізіңіз.

Белгіленген талаптарға сай рәсімделмеген мақала редакция тарапынан қаралмайтынын ескертеміз.

Мынадай негізгі талаптарға сай мақалалар ғана қабылданады:

- Бұрын жарияланбаған және жариялану мақсатында басқа басылымдарға берілмеген мақала

- Көлемі 6-15 беттік зерттеу мақаласы немесе 24 бетке дейінгі шолу мақаласы

- Талаптарға сай рәсімделген (мәтіні мазмұнды, кестелері тиянақты, суреттері айқын) мақала

- Құрылымы толық (тақырыбы, аңдатпа, тірек сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылаулар, қорытынды, әдебиеттер тізімі бар) мақала

-  Ағылшын немесе қазақ/орыс тілдерінде түйіндеме ақпараты берілген мақала

- Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес рәсімделген мақала. Мүмкіндігінше DOI индексі мен URL сілтемесі берілген мақала

- Ғылыми әдеп қағидаттарын ұстана отырып дайындалған мақала. Жарияланған жұмыстардан көшірілмеген, мәтіні шынайы мақала. Дәйексөздері талапқа сай рәсімделген мақала

- Авторлары мақала мазмұнымен танысқан және оны жариялауға келісім берген (қарсылығы жоқ) мақала