Әдеп қағидалары

«Dulaty University Хабаршысы» журналында жариялау үшін ұсынылатын ғылыми мақалалардың авторлары, қосалқы авторлары, тексеруден өткізетін редакциялық алқа мүшелері  мен рецензенттер келесідей ғылыми теріс пиғылдық фактілерге жол бермеуі тиіс:

1) Авторлар орындамаған және нәтижесін алмаған зерттеулердің (теориялық, эксперименттік және т.б.) нәтижелерін жариялауға;

2) Зерттеу нәтижелерін қасақана бұрмалауға немесе ғылыми деректердің анықтығына әсер ететін ақпаратты жасыруға;

3) Өзге авторлардың ғылыми нәтижелерін иемденуге немесе ғылыми идеяларын тиісті сілтемесіз беруге;

4) Зерттеу жүргізуге және ғылыми жарияланым дайындауға үлесі жоқ тұлғаларды авторлар құрамына енгізуге;

5) Ғылыми мақаланы елеулі сапалық және сандық өзгеріссіз немесе қосымша ғылыми нәтижелерді пайдаланбай, өзге атаумен қайта жариялауға;

6) Журналдың, сондай-ақ редакциялық алқа мүшелерінің беделі мен мәртебесіне теріс ықпал ететін материалдарды ұсынуға;

7) Редакциялық алқа мүшелерінің өзінің немесе өзі жетекшілік ететін шәкірттерінің (студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар) мақалаларына рецензия беруге;

8) Мақала авторларының құрамын бұрмалауға;

9) Жалған ғылыми материалдарды ұсынуға;

10) Ғылыми мақаланы басқа авторлармен келіспей және редакциялық алқаның рұқсатынсыз басқа басылымға беруге;

11) Мақала материалдарын үшінші тұлғаларға таратуға;

12) Авторлық құқықтарды және редакциялық үрдістердің құпиялылық қағидатын бұзуға;

13) Қолжазбаларда дәйексөздерді бұрмалауға және плагиатқа;

14) Мақалалардағы ғылыми мүдделер қақтығысына.

Аталған фактілер (немесе олардың біреуі) анықталған жағдайда олар ғылыми мақаланың ресми рецензиясында көрсетілуі тиіс. Жарияланымға дейін анықталған теріс фактілер жойылуы немесе түзетілуі тиіс. Түзетілмеген жағдайда қолжазба кері қайтарылуы керек. Этикалық белгілер бойынша ғылыми мақаланы жариялаудан бас тарту шешімі бас редактордың қолы қойылған жазбаша түсініктеме ретінде беріледі.

Жарияланып қойған мақалада этикалық талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайда, оны қайтару ісі редакция тарапынан немесе авторлар тарапынан жүзеге асады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда редакциялық алқа тиісті негіздеме жасау арқылы оларды теріске шығарып, басылым нөмірлерінің бірінде кешірім сұрауы тиіс. Ондай мақалалар журнал санынан алынбауы тиіс. Журналдың келесі санында автор мақалада кеткен кемшіліктер туралы тиісті  түсініктеме береді.

Авторлар құқығы. «Dulaty University Хабаршысы» журналына мақала ұсынатын авторлар мынадай құқықтарға ие:

- өзінің немесе әріптестерінің қатысуымен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалған мақалалар ұсынуға;

- редакциядан мақалалар дайындау талаптарын алуға;

-  ұсынған мақаланың авторлық құқықтарын қорғауға;

- мақаласына тиісті  редакциялық сараптама барысы туралы ақпарат алуға;

- мақаланы қабылдау туралы шешім шыққанға дейін жариялаудан бас тартуға;

- жарияланған мақаланың көшірмесін алуға.

Авторлардың міндеттері. «Dulaty University Хабаршысы» журналына мақала ұсынатын авторлар редакция алдында келесідей міндеттер жүктеледі:

- редакцияға ұсынылатын мақаланы журнал талаптарына толық сәйкестендіру;

- редакцияға бұрын жарияланған немесе басқа басылымдарға ұсынылған мақалаларды жібермеу;

- мақала дайындау барысында әдеп қағидаларын сақтау;

- мақалада қолданылған материалдарға сілтемелер беру;

- мақаладағы дәйектердің,  нәтижелердің, фактілердің дұрыстығына кепілдік беру;

- мақаланы редакциялық сараптау барысында қажетті мәліметтерді беру және талаптарды орындау;

- сараптау нәтижесінде мақалада анықталған кемшіліктерді түзету;

- мақаланы ұсынуды және хат алмасуды онлайн платформа арқылы жүргізу;

- қабылданған мақалаларды жариялаудың төлем ақысын жасау және төлем түбіртектерінің көшірмесін беру;

- жарияланған мақаланы сайттан өз бетінше жүктеп алу;

- журналдың әр санына 2 мақаладан артық ұсынбау.

Рецензенттердің құқықтары  мен жауапкершілігі. «Dulaty University Хабаршысы» журналының рецензенті келесі құқықтарға ие:

- рецензияға ұсынылатын мақаланың электрондық нұсқасын (авторлар туралы мәліметсіз);

- рецензия нысанын алу;

- рецензияны 7-10 күн мерзімде дайындау;

- зерттеу бағыты мақала мазмұнымен сәйкес келемеген жағдайда рецензия беруден бас тарту;

- рецензия нәтижесінде кемшіліктері анықталған мақаланың түзетілген нұсқасын алу;

Рецензенттердің жауапкершіліктері төмендегідей:

- рецензияға ұсынылған мақаланы бөгде тараптарға таратпау;

- мақаладағы материалдарды өз мүддесіне пайдаланбау;

- рецензияны сапалы, дәйекті және объективті дайындау;

- рецензияны белгіленген мерзімнен кешіктірмей редакцияға ұсыну;

- рецензияны қол таңбасымен растап, жұмыс орнының мөрімен бекітіп, электрондық нұсқасын  редакцияға онлайн платформа арқылы тапсыру;

- мақалада анықталған кемшіліктердің түзету бойынша ұсыныстар беру.

Редакциялық алқа мүшесінің құқықтары мен міндеттері.  «Dulaty University Хабаршысы» журналының редакциялық алқа мүшесінің құқықтары мен міндеттері  төмендегідей:

- басылымның тапсырылған бөлімдері бойынша ғылыми мақалаларды қарау және сараптамалық бағалау жасау;

- ғылыми мақалалардың материалдарын толық рецензиялау үшін ғалымдар мен мамандарды тарту;

- «жасырын» рецензиялау үшін рецензенттер базасын қалыптастыруға және жаңартуға қатысу;

- ғылыми ұжымдар мен ғалымдар арасында басылымды тарату және көпшілікке жариялау;

- ұжымдық шешім шығару үшін ғылыми мақалаларды рецензиялау бойынша сұрақтар әзірлеу және ұсыну;

- редакциялық алқа жұмысына қатысу және басылым сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.

Редакция маманының құқықтары мен міндеттері. «Dulaty University Хабаршысы» журналының маманына (шығаруға жауапты тұлғаға) мынадай құқықтар мен жауапкершілік жүктеледі:

- ғылыми мақалалар авторларымен іскерлік хат алмасуды ұйымдастыру және жүргізу;

- ғылыми мақалаларды рецензиялаумен және басылымды дайындауға байланысты мәселелер бойынша бас редактормен және редакциялық алқа мүшелерімен өзара әрекеттесу;

- басылым нөмірлерін шығару мәселелері бойынша «Dulaty University» баспасымен қызмет жасау;

- басылымның интернет сайтын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

- ғылыми мақалаларды жинау және талдау, оларды рецензенттерге беру;

- мақалаларды көшіру фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізу;

- мақалалар қолжазбаларының рәсімделуін қолданыстағы стандарттар (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.) талаптарына сәйкестігін бақылау;

- басылымның кезекті нөмірін дайындау;

- нөмірлердің электрондық нұсқаларын жасау және оларды басылым сайтына орналастыру;

- басылым мақалаларының метадеректерін дайындау және олардың электрондық нұсқаларын дерекқорларға жіберу, оның ішінде халықаралық базаларға жіберу;

- басылым нөмірлерінің шығу мерзімдерін бақылау;

- мақалаларды көшіру фактілерін анықтау үшін жүргізілген тексеру анықтамалары мен жариялауға қабылданған ғылыми мақалаларға берілген рецензиялардың электрондық нұсқаларын сақтау.

 

Бас редактордың құқықтары мен міндеттері. «Dulaty University Хабаршысы» журналының Бас редакторының құқықтары мен міндеттері:

- редакциялық алқаның қызметіне басшылық жасайды;

- редакциялық алқаның сапалық және сандық құрамын айқындайды;

- ғылыми мақалаларды «жасырын» рецензиялау үшін рецензенттер базасын қалыптастырады;

- мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, баспасөзде, түрлі ғылыми форумдарда, конференцияларда және т.б. редакция алқасы мен ғылыми басылымның мүдделерін көрсетеді;

- басылымның әрбір нөмірінің жобасын қарайды және оны баспаға беруге рұқсат етеді;

- басылым нөмірлеріне енгізілетін ғылыми мақалалардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;

- басылым қызметі бойынша авторлармен, редколлегия мүшелерімен және басылым қызметімен байланысты басқа да тұлғалармен іскерлік хат алмасуды жүргізеді;

 - басылым мазмұнының сапасына, тақырыптық бағыты мен шығарылу мерзіміне жауапты болады;

- басылымның сілтеме жасалуын жақсарту, оның имиджі мен ғылыми ортада танылуын жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.