Рецензиялау тәртібі

Мақалаларды рецензиялау тәртібі. «Dulaty University Хабаршысы» журналына жариялау үшін тек рецензенттер мен редакция алқасы мүшелерінің оң пікірін алған мақалалар ған қабылданады. Мақалар екі кезеңмен рецензиядан өтеді.

Бірінші кезеңде автор ұсынған ғылыми мақаланы редакциялық алқа ғылыми бағыттары мақаланың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты (PhD докторы) ғылыми дәрежелері бар 1-2 тәуелсіз ғалымға рецензияға жібереді. Рецензенттер ретінде басылымның редакция алқасы құрамына кірмейтін мамандар тартылады. Мақала жасырын рецензияланады. Ол үшін рецензентке жіберілетін мақала файлында авторлар туралы мәліметтер көрсетілмейді. Рецензия редакция ұсынған нысан бойынша толтырылады. Рецензенттің тегі, аты-жөні, лауазымы және ғылыми дәрежесі көрсетіле отырып, рецензия компьютерде теріліп мәтін көлемі 1-2 бетте жазылады. Рецензенттің қолы ұйымның мөрімен расталады. Рецензияда мақаланың өзектілігі, зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік құндылығы, баяндалу сапасы және пікір берушінің шешімі (қабылдау немесе қабылдамау) көрсетіледі. Рецензенттердің мақаланы қарау ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Дайын рецензияның электрондық нұсқасы http://journal.dulaty.kz сілтемесі арқылы онлайн платформа көмегімен журнал модераторына жолданады.

Рецензент мақаланы жариялауға ұсынған жағдайда жұмыс келесі тексеру кезеңіне жолданады. Егер рецензияда кемшіліктер көрсетілген жағдайда мақала түзетулер енгізу үшін авторларға кері қайтарылады. Рецензент мақала туралы теріс пікір білдірген жағдайда мақаланы жариялаудан бас тарту  шешімі бас редактордың  қолы қойылған жазбаша түсініктеме ретінде авторларға жіберіледі.

Екінші кезеңде  рецензиядан өткен  мақала ғылыми бағытына байланысты редакция алқасының бір мүшесіне жолданады. Ол мақаланың журнал талаптарына сәйкестігін тексеру және жариялауға ұсыну (немесе кері қайтару) үшін мақаланы қарастырады. Редакциялық алқа мүшесінің ғылыми мақаланы қарау ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Редакциялық алқа мүшесінің пікірі теріс болған жағдайда, мақала авторларға пысықтауға жіберіледі немесе кері қайтарылады.

Тексерудің барлық кезеңдерінен өткен (оң пікір алынған) мақала журналдың кезекті нөміріне енгізу үшін қабылданады.