Басты бет - Авторға мәлімет - Dulaty University хабаршысы
Талаптар
«ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Журнал саясаты және техникалық талаптары
Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және жаңалығы өзекті, авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтитын ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе сараптамалық жұмыстың бастапқы, аралық немесе соңғы нәтижелерінің мәтіндік материалы болуға тиіс. Ғылыми мақалаға, сонымен қатар, жалпы тақырыпқа байланысты (шолу мақаласы) бұрын жарияланған ғылыми нәтижелерді зерттеу мен талдауға арналған жұмыс кіреді, онда қорытынды тұжырымдар мен ұсыныстар келтіріледі.
Журналға келесі ғылыми бағыттағы мақалалар қабылданады:
- техникалық ғылымдар;
- жаратылыстану ғылымдары;
- әлеуметтік-гуманитарлық;
- экономика-экологиялық;
- педагогикалық;
- филологиялық;
- заң ғылымдары.
Журналдарды шығару мерзімділігі - жылына 4 рет (тоқсан сайын).
Мақаланы беру мерзімі:
- бірінші тоқсан 25 ақпанға дейін;
- екінші тоқсан 25 мамырға дейін;
- үшінші тоқсан 25 тамызға дейін;
- төртінші тоқсан 25 қарашаға дейін.
«Дулати Университеті Хабаршысы» жылына 4 рет желілік (электрондық) форматта журнал нөмірлерінің жариялануының төмендегідей белгіленген мерзімдерінде шығарылады:
- бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін шығарылады;
- екінші нөмір-30 маусымға дейін;
- үшінші нөмір-30 қыркүйекке дейін;
- төртінші нөмір-30 желтоқсанға дейін.
Мақала А4 форматындағы парақта теріледі, жиек өлшемдері келесідей: сол жақта 2,5 см, оң жақта 5,5 см, жоғарғы жағы 3,0 см және төменгі жағы - 3,5 см. Қаріп гарнитурасы TimesNewRoman, қаріп өлшемі – 11, жоларалық интервал-1,0. Авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаларды, тірек сөздер мен әдебиеттер тізімін 10 өлшемді қаріппен рәсімдеу қажет.
Мақаланың құрылымдық элементтері
Ғылыми мақаланың құрылымы келесі элементтерді қамтуы керек:
- ҒТАМР (МРНТИ) индексі;
- мақала авторының (авторларының) аты-жөні (негізгі автор көрсетілуі тиіс);
- автордың (авторлардың) ғылыми дәрежесі, атағы;
–автордың (авторлардың) жұмыс орны-ЖОО-ның (ұйымның), қаланың, елдің атауы;
- әр автор үшін байланыс ақпараты (e-mail);
- авторлардың ORCID индексі;
- мақаланың атауы;
- аңдатпа;
- тірек сөздер;
- кіріспе (өзектілігі);
- зерттеу шарттары (бастапқы материалдары) мен әдістері;
- зерттеу нәтижелері;
- ғылыми нәтижелерді талқылау;
- қорытынды;
- әдебиеттер тізімі;
- қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);
- түйінді ақпарат - мақала тілінен өзге тілде (орыс/қазақ): автордың аты-жөні, ЖОО-ның ұйымның атауы, мақаланың тақырыбы, аннотация, тірек сөздер. Қаріп түрі - Calibri;
- түйінді ақпарат ағылшын тілінде: автордың аты-жөні, ЖОО-ның ұйымның атауы, мақаланың тақырыбы, аннотация, тірек сөздер, әдебиеттер тізімі. Қаріп түрі - Calibri;
ҒТАМР индексі беттің сол жақ шетінде жазылады. Индексті www.grnti.ru сілтемесі арқылы алуға болады.
Авторлар аты-жөндері келесі ретпен көрсетіледі: инициалдары және тегі (Мысалы: А.Б. Мұсабаев) қою әріптермен беріледі. Жанына ORCID индексі көрсетіледі. ORCID индексі https://orcid.org/ сайтынан алынады. Мақаланың негізгі авторы белгіленіп көрсетілуі керек.
Авторлар туралы мәліметтер (ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық почтасы) келесі жолда беттің ортасында курсивпен жазылады.
Мақаланың тақырыбы мазмұнды дәл көрсетіп, қысқа әрі нақты болуы керек. Мақала атауындағы сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Мақала тақырыбының қаріпін бас әріптермен теріп, қалың мәтінмен жазу керек. Қаріп өлшемі – 12. Тақырып беттің ортасында жазылу керек.
Аңдатпа мақаланың негізгі мәні, зерттеу әдістері, басты нәтижелері, олардың маңыздылығы, ғылыми және практикалық құндылығы баяндалады. Аннотация көлемі 100-150 сөз аралығында болуы керек. Аннотация 10- өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша тураланады.
Тірек сөздер мақаланы іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған. Тірек сөздер мақала мәтінінде жиі қолданылатын жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Тірек сөздердің саны 5-10-нан аспауы керек. Тірек сөздер 10 - өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша тураланады.
Мақала кіріспе, зерттеу шарттары мен әдістері, зерттеу нәтижелері, нәтижелерді талқылау, қорытынды және әдебиеттер тізімі бөлімдерін қамтуы керек.
Кіріспе бөлімінде мақала тақырыбын таңдау қажеттілігі, оның өзектілігі мен жаңалығы көрсетілуі керек. Тақырыптың өзектілігі - мәселенің жалпы маңыздылығын сипаттай отырып, оның толық ашылмағандығын, қосымша теориялық және тәжірибелік зерттеулер қажеттілігін баяндау.
Зерттеу шарттары (бастапқы материалдары) мен әдістері бөлімінде материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасы және қолданылған зерттеу әдістері көрсетілуі керек.
Зерттеу нәтижелері бөлімінде зерттеу барысында алынған нәтижелер баяндалады.
Ғылыми нәтижелерді талқылау бөлімінде алынған нәтижелердің ерекшеліктері мен оларды бұрын алынған белгілі мәліметтермен салыстыра отырып талдау нәтижелері келтіріледі. Қажет болған жағдайда зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау бөлімдері біріктіріледі.
Қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелеріне жалпылама түсінік беріліп, қорытынды жасалады.
Әдебиеттер тізімі мақала мәтініндегі берілген ретпен келтірілуі тиіс. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу МЕМСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" бойынша орындалуы керек. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі төменде келтірілген. Әдебиеттер тізімі 10 – өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша 1,0 см шығу (выступ) арқылы жазылады.
Түйіндеме бөлімінде мақаланың қазақ/орыс тілінде (мақала тақырыбы, аңдатпа, тірек сөздер, авторлар туралы ақпарат) және ағылшын тілінде (мақала тақырыбы, тірек сөздер, автор туралы ақпарат, сондай-ақ транслитерацияланған және ағылшын тіліне аударылған әдебиет тізімі) қысқаша ақпарат берілуі тиіс. Түйіндеме 10-өлшемді қаріппен теріліп мақаланың соңында беріледі.
Әдебиеттер тізімін транслитерациялау http://translit-online.ru сілтемесі арқылы орындалады.
Кестелер, формулалар және графикалық материалдар
Мақалада (қажет болған жағдайда) кестелік, формулалық және графикалық материалдар берілуі мүмкін.
Кестелерге міндетті түрде мәтінде сілтемелер берілуі керек. Кестелер мақала мәтінінде алғашқы сілтемеден кейін немесе келесі бетте көрсетіледі. Кесте нөмірі беттің сол жақ шетінен азат жолсыз беріледі (Кесте 1), ал кестенің аты бір жол аралық төмен түсіп беттің ортасында беріледі. Кесте бір бетке сыймаған жағдайда бағандары нөмірленіп келесі бетте жалғасы беріледі. Кестенің жалғасын мысалда көрсетілгендей етіп беру қажет (1- кестенің жалғасы).
Формулалар нөмірленуі тиіс. Формула азат жолдан басталып беріледі, ал нөмірі сол жолдың оң жағында жақша ішінде көрсетіледі. Формула мен мәтіннің бір жоларалық қалады. Формулалар Microsoft Equation немесе MathType редакторларымен терілуі тиіс.
Суреттерге (сызбалар, сұлбалар, графиктер, диаграммалар) мақала мәтінінде міндетті түрде сілтемелер берілуі керек. Суреттер алғашқы сілтемеден кейін немесе келесі бетте көрсетілуі керек. Суреттер компьютерлік бағдарламалар көмегімен дайындалуы тиіс. Диаграммалардың түсініктеме жазбалары диаграмма ішінде берілуі керек. Сканерленген суреттердің сапасы жоғары болуы қажет. Суреттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен белгіленеді, сурет аты суреттің астында ортада беріледі. (Мысалы: Сурет 1. Суреттің аты). Суреттің түсіндірме жазбалары болған жағдайда олар сурет пен оның атының ортасында беріледі.
Мақаланың тексерілу тәртібі
Редакцияға келіп түскен мақала екі апта аралығында қаралып, қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады (антиплагиатқа тексеру, рәсімдеу тәртібі, рецензиялау және т.б.).
Мақаланың шынайылығы тексеру үшін «Антиплагиат» бағдарламасы арқылы тексеріледі. Материал шынайылығы гуманитарлық бағыт үшін 70%-дан, ал техникалық мамандықтар бойынша 75%-дан кем болмауы тиіс. Мақалада өз ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау үлесі 15%-дан аспау керек.
Журнал редакциясы мақаланы рецензиялауға өзі жібереді.
Мақаланы қабылдау жөнінде оң шешім шыққан жағдайда авторларға тиісті хабарлама беріледі және төлем реквизиттері жіберіледі. Ал егер, мақала талаптарға сай болмаған жағдайда авторлар мақаланы түзету қажеттілігі туралы тиісті хабарлама алады. Автор қабылданған мақаланың жариялау ақысын төлеп, түбіртектің электрондық нұсқасын редакцияға жолдауы керек. Барлық хат алмасулар http://journal.dulaty.kz/ порталы және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почтасы арқылы жүзеге асады. Электрондық пошта бойынша мақалалар қабылданбайды!
Ғылыми мақала қабылдау және жариялау алгоритмі
Деңгей |
Деңгей сипаттамасы |
Мерзімі |
1 |
Мақаланың редакцияға түсуі |
- |
Мақаланы плагиатқа тексеру |
2 күн |
|
Плагиаттан өтпеген мақала туралы авторға хабарлау |
2 күн |
|
2 |
2.1. Мақаланы техникалық тексеру |
3 күн |
2.2. Талапқа сай келмеген жағдайда мақаланы авторға қайтару |
2 күн |
|
3 |
3.1. Мақаланы рецензиядан өткізу |
10 күн |
3.2. Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару |
3 күн |
|
4 |
4.1 Мақаланы редакциялық алқа сараптауынан өткізу |
3 күн |
4.2 Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару |
3 күн |
|
5 |
5.1 Мақаланы Бас редактордың тексеруі |
3 күн |
5.2 Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару |
3 күн |
|
6 |
Мақалаға DOI индексін тағайындау және тіркеу |
2 күн |
7 |
Мақаланы шаблонға сәйкес беттеу және рәсімдеу |
5 күн |
8 |
Мақала файлын сайтқа орналастыру |
3 күн |
9 |
Мақаланың метадеректерін дайындау және дәйексөздер қорларына енгізу |
5 күн |
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгілері
(МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» бойынша)
Кітап
1. Резников, А.Н. Тепловые процессы в технологических системах [Текст] / А.Н. Резников, Л.А. Резников. – М.: Машиностроение, 1990. – 288с.
Монография
1. Криворучко, Д.В. Моделирование процессов резания методом конечных элементов: методологические основы [Текст]: монография / Д.В. Криворучко, В.О. Залога. – Сумы: Университетская книга, 2012. – 496 с.
Оқулық, оқу құралы
1. Бруяка, В.А. Инженерный анализ в Ansys Workbench [Текст]: учебное пособие / В.А. Бруяка, В.Г. Фокин, Я.В. Курвева. – Самара: СГТУ, 2013. – 148 с.
Журнал
1. Доненбаев, Б.С. Конечно-элементное исследование и оптимизация геометрических параметров деталей ротационно-фрикционного инструмента [Текст] / Б.С. Доненбаев, К.Т. Шеров // Механика и технологии. – 2018. – №1(59). – С.7-16.
Патент
1. Шеров, К.Т. Способ термофрикционной обработки плоскости и конструкция диска трения [Текст] / К.Т. Шеров [и др.]// Инновационный патент РК №22998. 2010. Бюл. №10.
Конференция материалдары
1. Иванов, Е.И. Технологическое обеспечение точности обработки отверстий большого диаметра [Текст] / Е.И. Иванов, И.Е. Иванов // Сборник научных трудов XI-ой Международной научно-практической конференции: Том. 2. – г. Мариуполь: Изд-во ПГТУ, 2014. – С.113-117.
Электрондық ресурс
- Трубопроводный транспорт [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://studwood.ru/1679710/tehnika/problemy perspektivy_razvitiya_ Дата обращения: 20.04.20.
Журнал ағылшын тілінде
- Sherov T., Donenbayev B.S., Ainabekova S.S. Experimental Research of Rotational and Frictional Boring of Big Holes in Large Parts // Journal of Theoretical and Applied Mechanics, 2017. 47, No. 4.Р. 75-85.
Кітап ағылшын тілінде
- Reznikov, N., Reznikov, L.A. Thermal processes in technological systems. – Moscow: Mechanical Engineering, 1990. – 288 p.
Басқатілденағылшынтілінеаударылғанда
1. Kurochkina, I.N. Sovremennyjj etiketi vospitanie kul'tury povedenija u doshkol'nikov [Modern etiquettes of culture education in preschool children]. – Moscow: Vlados, 2003. – 217 p. [in Russian]
Газет
Михайлов, С.А. Езда по-европейски [Текст]: система платных дорог в России находится в начал. стадии развития / Сергей Михайлов // Независимая газ. – 2002. – 17 июня. - № 2 (44)
Диссертация
Белозеров, И.В. Религиозная политика Золотой Орды на Руси в XIII–XIV вв. [Текст]: дис. … канд. ист. наук: 07.00.02: защищена 22.01.02: утв. 15.07.02 / Белозеров Иван Валентинович. – М., 2002. – 215 с. – Библиогр.: с. 202–213. – 04200201565.
Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі
Формирование генетической структуры стада [Текст]: отчет о НИР (промежуточ.): 42-44 / Всерос. науч.-исслед. ин-т животноводства; рук. Попов В. А.; исполн.: Алешин Г.П. [и др.]. – М., 2001. – 75 с. – Библиогр.: с. 72–74. – № ГР 01840051145. – Инв. № 04534333943.
Стандарттар
СТ РК 1733-2015. Молоко и молочные продукты. Общие технические условия [Текст].– Введ. 2015–01–01. – Астана: Мемстандарт, 2014. – 52 с.
Заңнамалық материалдар
ҚР Заңы. Білім туралы. [Мәтін]: 2007 ж. 27 шілдедегі № 319-III бұйрықпен қабылданған. – Астана: Ақорда, 2007. – 52 б.
Картографиялық басылымдар
Мир. Политическая карта мира [Карты]: полит. устройство на 1 янв. 2001 г. / сост. и подгот. к изд. ПКО «Картография» в 2001 г.; гл. ред. Н. Н. Полункина; ред. О. И. Иванцова, Н. Р. Монахова; рук. проекта М. Ю. Орлов. – 1 : 25 000 000; поликон. пр-ция ЦНИИГАИК. – М.: ПКО«Картография», 2001. – 1 к. (2 л.): цв.; 98х71 см. – 250 экз.