Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Әлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің жел және күн энергиясына қатысты дамуы

Әлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің жел және күн энергиясына қатысты дамуы

Автор: Г.У. Куттыбаев, Ж.С. Шыныбай
Бет 81-90

https://doi.org/10.55956/REAG9569

Аңдатпа. Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) әлемдік сұраныс үнемі өсіп келеді. 2050 жылға қарай жаһандық энергетикалық теңгерімдегі олардың үлесінің ұлғаюы 35%-ға дейін болжанып отыр, ал дамыған елдердегі олардың өсу қарқыны 2050 жылға қарай дәстүрлі энергиямен қамтамасыз етудің 70% алмастыра алады. Осыған байланысты барлық дамыған елдерде баламалы энергетикаға байланысты бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда. Оның тартымдылығы ресурстардың сарқылмауынан, әлемдік энергия нарықтарындағы баға конъюнктурасынан, сондайақ, экологиялық тазалығынан туындайды. ЖЭК-нің осындай артықшылықтары – шет елдерде жаңартылатын энергетиканың қарқынды дамуына және алдағы онжылдықтардағы оның перспективаларына қатысты өте оптимистік болжамдарға себеп болды.

Тірек сөздер: жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), жел энергетикалық қондырғы (ЖЭҚ), жел энергетикалық потенциалы (ЖЭП), желдің, күннің қуаты, жел турбинасы, жел электр станциялары (ЖЭС).

Куттыбаев, Г.У. Әлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің жел және күн энергиясына қатысты дамуы [Мәтін] / Г.У. Куттыбаев, Ж.С. Шыныбай // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №2(76). – Б.81-90. https://doi.org/10.55956/REAG9569

(PDF)