Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-3 - Мектеп жасындағы балаларға коррекциялық жұмыс жүргізуде ойын терапиясын пайдалану

Мектеп жасындағы балаларға коррекциялық жұмыс жүргізуде ойын терапиясын пайдалану

Автор: С.С. Букешова1, А.Т.Сахыбаева2

1Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
2«Intellectum Тараз» ЖШС, «MEGA Тұлға» балаларды дамыту орталығы, Тараз, Қазақстан
Бет 223-231

https://doi.org/10.55956/KBFK7758

Аңдатпа. Кіші мектеп жасындағы балаларға коррекуиялық жұмыстар жүргізу мәселесі бүгінгі таңғда өзекті болып отыр. Бұл ғылыми мақалада авторлар мектеп жасындағы балаларға түзету жқмыстарын жүргізу құралы ретінде ойыншықтар мен ойындарды пайдалануды ұсынып отыр. Ойын терапиясы балалармен де олардың ата-аналарымен де жұмыс дасау барысында пайдалануға болатын құрал болып табылады. Мақалада зерттеу жұмысын айқынг көрсету үшін сауалнама әдісі, библиографиялық әдіс, бақылау әдісі пайладанылды. Сонымен қоса, нақты кездескен жағдайлардан кейтер ұсынылып төменге түзету жұмысы үшін пайдаланылған ойындар мен олардың нұсқаулығы көрсетілді. Зерттеу базасы ретінде Тараз қаласында 2016 жылдан бері ойын терапиясын негізге ала отырып жұмыс жасайтын «MEGA Тұлға» балаларды дамыту орталығы алынды. Орталық 3-14 жас аралығындағы балаларды қабылдап, оларды түзету жұмыстарын жүргізеді. Орталықта 30 дан астам балалардың интеллектуалды қабілеттерін арттыратын ойыншықтар түрлері бар. Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында арнайы құралдарды дұрыс таңдау мәсеклесі тұрады. Ал ойын терапиясы осы жағдайда әмбебап болып отыр. Шет елдерде психологияның бұл бағыты қаоқынды дамығанымен Қазақстанда енді назар аударылып, зерттеліп келе жатыр. Сол себептен де мақаланың тақырыбы мен бағыты өз өзектілігін жоғалтпайды.

Тірек сөздер: ойын терапиясы, балалар, психолог, кіші мектеп жасы, коррекциялық жұмыс, зейін, гипербелсенділік, сөйлеу дамуы, психикалық процестер.

(PDF)