Дисперсті орталардың оптикалық қасиеттері

Автор: С.Ж.Кулманова

Аға оқытушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 254-259

https://doi.org/10.55956/TQRA5992

Аңдатпа. Зерттеу мақсаты - дисперсті орталардың оптикалық қасиеттерінің бірі жарықтың шашырауын зерттеу. Коллоидты бөлшектер мен макромолекулалардың мөлшерін, пішінін жəне концентрациясын анықтаудың бірқатар оптикалық əдістері Тиндаль əсеріне негізделген.Коллоидты ертінді арқылы өтетін жарық сəулесі шашырау нəтижесінде көрінеді, шашыраудың бұл түрі опалесценция деп аталды. Ғылыми жаңалық магниттік жəне гидродинамикалық өрістерге ұшыраған кезде магниттік коллоидтарда пайда болатын оптикалық əсерлер туралы жаңа деректер алынды. Магнит өрісімен басқарылатын бейтарап жарық сүзгілерін жасау үшін кіші бұрыштық дифракциялық шашырауының белгіленген заңдылықтарын қолдануға болады.Мақалада мəселені шешу үшін тəжірибе жолымен алынған күкірттің коллидты ертіндісі үшін жарықтың шашырау интенсивтілігін Дж.У.Релей немесе Клаузиус теңдеулерінің сəйкестігі мен қателіктері анықталды.

Тірек сөздер: дисперсті орта, жарықтың шашырауы, коллоиды ертінді, опалесценция, интенсивтілік.

(PDF)