Орауыштағы магнит өрісін зерттеу əдісі

Автор: Ж. Бимұрат

Phd доктор, қауымдастырылған профессор, Ғұмарбек Дəукеев атындағы Алматы энергетика жəне байланыс университеті, Алматы, Қазақстан
Бет 248-253

https://doi.org/10.55956/EMLX2244

Аңдатпа. Мақалада индуктивті орауыштағы магнит өрісінің энергиясын энергияның сақталу заңдарын, яғни электр энергиясының магнит энергиясын, магнит энергиясының жылу энергиясына түрленулерін пайдаланып зерттеу əдістері келтірілген. Полюсаралық əртүрлі қашықтықтарда жылулық электр қозғауыш күшінің жəне магнит индукциясының тоқ күшінің шамасына тəуелділігі тəжірибе мен теориялары есептеулер арқылы анықталып, эмпериялық формула қорытып шығарылған. Сонымен қатар, магнит энергиясының көлемдік тығыздығы есептеліп, магнит индукциясының тоқ пен полюстарын арақашықтығына, əртүрлі мəндеріндегі жылу электр қозғаушы күшінің полюстерден арақашықтығы мен тоқ күшіне тəуелді графиктері тұрғызылған. Жинастырылған құрылғының вольт-ампер сипаттамасы алынып, КСd) градуирлеу графигі салынған. Градуйрлеу қисығы арқылы магнит орауышындағы магнит энергиясының кез-келген тоқтың жəне полюстер арасының арақашықтығының əртүрлі мəндерінде анықтауға мүмкіндік беретіндігі туралы мəліметтер жан-жақты талқыланып дəлелденген.

Тірек сөздер: электрмагнит, индуктивтілік, энергияның сақталу жəне түрлену заңдары, градуирлеу.

(PDF)