Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Молекулалардың активациялық энергиясын сипаттайтын физикалық параметрлерге тəуелділігін зерттеу əдістері

Молекулалардың активациялық энергиясын сипаттайтын физикалық параметрлерге тəуелділігін зерттеу əдістері

Автор: Т. Бижигитов1, Э. Мадалиева2

1Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
2Phd доктор, қауымдастырылған профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 242-247

https://doi.org/10.55956/ANWS4471

Аңдатпа. Мақалада сұйықтардың молекулаларының активациялық энергияларын тəжрибе жүзінде анықтайтын құрылғылардың жұмыс істеу принциптеріне сипаттамалар беріліп, олардың бір-бірінен артықтықшылықтары мен кемшіліктері талқыланған. Сұйықтардың динамикалық жəне кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерін анықтайтын параметрлерді өлшеу арқылы активациялық энергияны есептеу əдістері көрсетілген. Молекулалардың активацияның энергияларын пайдаланып релаксация уақытының, динамикалық тұтқырлық коэффициентінің активациялық энергиямен температураға эмпирикалық тəуелділігін сипаттайтын формулалардың физикалық мағыналары жан-жақты талқыланып, олардың физикалық үдерістер мен құбылыстардың механизмдерін толыққанды ұғынуға үлкен ықпалын тигізетіндігі талданған. Сұйықтардың тығыздығы мен динамикалық тұтқырлық коэффициенттерін қолданып, кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерін есептеу тəсілі көрсетілген. Тəжрибелік өлшеулер мен физиканың заңдылықтарын өрнектейтін формулаларды пайдаланып активациялық энергияны сипаттайтын заңының қандай параметрлерге тəуелді болатынына теориялық тұрғыдан қорытып шығарылды. Теориялық есептеулердің нəтижесінде алынған формулалардың физикалық құбылыстарды зерттеуде алатын орнына ерекше назар аударылған.

Тірек сөздер: активациялық энергия, тұтқырлық коэффициенттері, релаксация уақыты, эмпирикалық тəуелділік.

(PDF)