Экологиялық білім беруді дамытудың алғы шарттары

Автор: А.К.Жумадилова1, С.Б. Жапарова2, В.Ғ. Жамбыл3

1т.ғ.к., асс. проф, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
2т.ғ.к., асс. проф, Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан
3Магистрант, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 235-241

https://doi.org/10.55956/UPHE5764

Аңдатпа. Біздің заманымыздың маңызды ерекшелігі өткір жаһандық, аймақтық жəне жергілікті экологиялық дағдарыстар. Жер атмосферасындағы озон қабатының бұзылуы, жер ғаламшарлық климаттың өзгеруі, прогрессивті эрозия жəне топырақтың шөлейттенуі, ылғалды тропикалық ормандардың азаюы, дүниежүзілік мұхит пен жер үсті суларының кеңінен ластануы, ғаламдағы халық санының үздіксіз артуы, кедейлік пен жоқшылықтың, аштықтың үнемі өсуі жəне тағы да басқа жаһандық экологиялық көріністер қазіргі заманның дағдарысқа ұшыраған көрінісі болып отыр. Бұл бүгінгі таңдағы адамдардың табиғатпен нашар байланыста екенінің айқын дəлелі болып табылады. Орын алып отырған экологиялық дағдарысты болдырмау үшін экологиялық білім беруді дамыту жəне оның алғы шарттарынбілген маңызды болып саналады.

Тірек сөздер: экологиялық дағдарыстар, рухани деградация, психологиялық-педагогикалық құндылық, экологиялық білім, жүйелі ойлау, экологиялық жауапты мінез, педагогикалық алғышарттар.

(PDF)