Алкалоидтарды тазалау жəне бөліп алу

Автор: А.Б. Құрманбай1, А.К.Мухтаров2

1,2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.
Бет 228-235

https://doi.org/10.55956/IJDA2230

Аңдатпа. Табиғи өнімдер мен олардың туындылары көптеген жылдар бойы медициналық мақсаттарда пайдаланылып келеді. Өсімдіктер жаңа дəрілік қосылыстардың негізгі көзі, өйткені өсімдік тектес дəрідəрмектер адамның денсаулығын сақтауға жəне жақсартуда көптеп қолданылады. Өсімдік тектес дəрідəрмектерді қолданудың негізгі артықшылықтары – синтетикалық баламаларға қарағанда салыстырмалы түрде қауіпсіз, терең емдік артықшылықтар мен қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Соңғы 30 жылда дəрі-дəрмектерді, əсіресе табиғи өнімдерді табу жəне дамыту процесі барған сайын шаблондық тəсілдерменөткізілуде. Деректер бойынша алкалоидты өсімдіктерді б.з.д 2000 бүкіл Азия, Еуропа жəне Африкада пайдалана бастаған. ХІХ ғасырда Фридрих Сертюрнер морфинді бөліп алды. Бұл ксантин, стрихнин, атропин, хинин жəне кофеин секрециясын қоса алғанда, бірнеше еуропалық ғалымдардың жеке қосылыстарды сəтті оқшаулауына жəне ашуына əкелді [1]. Алкалоидтар бастапқыда биологиялық белсенділігі бар өсімдіктен бөлінетін сілтілі заттар ретінде анықталды. Бұл анықтама өсімдіктер патшалығына жатпайтын қосылыстарды жəне алкалоидтармен ортақ биосинтетикалық шығу тегі бар, бірақ құрамында негізгі азот жоқ қосылыстарды анықтау үшін бірнеше рет нақтыланды.

Тірек сөздер: алкалоид, амин, альдегид, in vitro, хроматография.

(PDF)