Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Бəсекелестік саясат жəне экспортқа бағдарланған өнімді дамыту

Бəсекелестік саясат жəне экспортқа бағдарланған өнімді дамыту

Автор: Ж.О. Рыскулова

экономика ғылымдарының магистрі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 220-227

https://doi.org/10.55956/JWOI2561

Аңдатпа. Қазақстан экономиканың бəсекеге қабілетті моделін таңдап, экономикалық тұрғыдан мықты жəне гүлденген мемлекет құруға мүмкіндік беретін елдің индустриялық-инновациялық дамуына бағыт алды, өйткені елдің бəсекеге қабілеттілігі ұлттың, мемлекеттік институттар мен бизнестің бəсекеге қабілеттілігін білдіреді. Елімізде жүргізіліп жатқан бəсекелестік саясат осыған бағытталған. Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркəсібі мен агроөнеркəсіптік кешенді дамыту, астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын едəуір ұлғайту, ет-сүт өнімдерінің, өсімдік майының, көкөністердің, жемістердің жəне мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының басқа да өнімдерінің кең ассортиментін өндіру, яғни экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау жəне дамыту үшін үлкен əлеуеті бар. Ауылшаруашылық өндірісінің саласына экономикалық факторлар үлкен əсер етеді. Осы саланы мемлекеттік реттеу шикізат пен азық-түлік тауарларының сыртқы сауда əдістеріне негізделеді. Мақалада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінмемлекеттікқолдау жүйесінің шаралары, агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы қарастырылады.

Тірек сөздер: бəсекелестік саясат, экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі, даму факторлары, бəсеке қабілеттілігі.

(PDF)