Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Өңірдегі инновациялық даму жəне оның кəсіпкерлікке əсері

Өңірдегі инновациялық даму жəне оның кəсіпкерлікке əсері

Автор: А.Н. Наренова1, Е.С. Байтиленова2, Г.К. Амирова3, Г.Е.Амалбекова4

1,2Экон. ғылым. канд, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
3Бейіні бойынша докторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
4Экон. ғылым. канд, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 210-219

https://doi.org/10.55956/WHUQ8333

Аңдатпа. Индустриалды дамыған елдердің тəжірибесі əлемдік нарықтағы жаһандық бəсеке жағдайында инновацияларды құру жəне енгізу үшін дамыған инфрақұрылымы бар жəне инновациялық қызметтің ең тиімді тетігіне иелік ететіндер міндетті түрде жеңетінін дəлелдеді. Елдің инновациялық экономикасының тиімді жұмыс істеуі инновациялық инфрақұрылымға негізделуі тиіс. Экономикалық реформа үдерісі елдің əлеуметтік-экономикалық өміріне өзгерістер енгізуді жəне инновациялық қызметті кеңейтуді талап етеді. Табиғи ресурстарға ие болу елдің əлемдік аренадағы бəсекеге қабілеттілігіне кепілдік бермейді. Елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі факторы ретінде зияткерлік əлеуетпенжəне инновациялық белсенділікпентығыз байланысқан экономикалық жүйеде инновациялық кеңістікті қалыптастыру қажет.Мақалада облыстағы кəсіпкерлік субъектілерінің инновацияның қазіргі жағдайы мен қолданылуы, проблемалары мен осы саланы одан əрі дамыту келешегі талданады.

Тірек сөздер: Инновациялық экономика, инновациялық инфрақұрылым, инновациялық белсенділік, мемлекеттік қолдау, кəсіпкерлік.

(PDF)