Мемлекет жəне қоғам қайраткері – Нəзір Төреқұлов

Автор: Қ.А. Шолпанқұлова

Аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз Қазақстан
Бет 178-186

https://doi.org/10.55956/LZMN6345

Аңдатпа. Мемлекет жəне қоғам қайраткері Нəзір Төреқұлов қоғамдық жəне саяси өміріміздің əр саласында еңбек етіп, сол арқылы əрқайсысының түптің түбінде ұлттық тəуелсіздігімізге қол жеткізуге əрекет жасағандығын аңғарамыз. Н.Төреқұловтың қазақтан шыққан тұңғыш кəсіби, білікті дипломат, елші болғандығын жəне оның есімі сол кезде, көзі тірісінде-ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз. Нəзір Төреқұлов азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық жəне саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, əдебиетпен жəне журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ əдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.

Тірек сөздер: Мемлекет, қоғам, қайраткер, ұлт, қазақ, тəуелсіздік, дипломат.

(PDF)