Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Психологиялық қатынас теориясы аясында тұлғааралық қақтығыстарды шешуді зерттеу

Психологиялық қатынас теориясы аясында тұлғааралық қақтығыстарды шешуді зерттеу

Автор: М.П.Оспанбаева1, Г.Ү. Оралымбетова2

1Психология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х. Дулати ат. Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
2магистр, аға оқытушы, М.Х. Дулати ат. Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
Бет 140-149

https://doi.org/10.55956/FIWU9911

Аңдатпа. Мақалада тұлғааралық қақтығыстарды психологиялық қатынас теориясы аясында шешуді зерттеу жолдары талданды. Экспериментке қатысқан жұптардың өзара қарым-қатынастарындағы шиеленістер деңгейі, субъектілердің өздерінің бағалаулары бойынша анықталды. 2 ай мерзімінде жүргізілген психотерапиялық əсерлерден кейінгі нəтижелерді де, сыналушылар дербес анықтау мүмкіндігіне ие болды. Зерттеу барысында тұлғааралық қақтығыстар сипаты көріну дəрежелеріне, мерзіміне, өзара қатынас мазмұнына қарай топтастырылды. Қақтығыстар үрдісінде екеуара шиеленістердің шешілу дəрежесі «жасырын мерзімнің» ұзақтығына қатысты екені белгілі болды. Күрт тұтанып, тез өршитін жəне респонденттердің өте даулы деп таныған жанжалдары психотерапиялық əсерге оңай икемделетіні анықталды. Ал, керісінше, ашық дау-дамай көрінісі білінбейтін жəне тым жоғары өршу дəрежесінде емес деп бағаланатын қақтығыстардың қажырлы араласуды қажет ететіні қорытындыланды. Зерттеу М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жүргізілді. Эксперименттердің аралық нəтижелері Жамбыл облысы психологтарының «Медиация институтын дамытудағы психологиялық қызметтің рөлі» тақырыбындағы семинарында баяндалып, талқыланды.

Тірек сөздер: қақтығыс, қатынас, трансформация, тұлғааралық, жанжал, жауапкершілік, мінез-құлық, құндылық.

(PDF)