Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Химия пəнін оқытуда интербелсенді əдістерді қолдану

Химия пəнін оқытуда интербелсенді əдістерді қолдану

Автор: А. Бақдəулетұлы1, Т.Т. Машан2

1Магистрант, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
2х.ғ.к., профессор м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 116-121

https://doi.org/10.55956/PTHG2391

Аңдатпа. Бұл мақалада орта мектептерде химия пəнін оқытуда интербелсенді əдістердің қолданылуы мен тиімділігі зерттелген. Бірқатар тəжірбиелер мен талдаулар арқылы оқушылардың сабақ барысында белсенділіктерін арттыру мен оқу мақсаттарына интерберселді əдістерді қолдана отырып, оңай жету жолдары зерттелді. Сонымен қатар, интербелсенді əдістердің тиімділігін бағалау жəне басымдылық беру үшін аналитикалық иерархиялық (ағыл. аnalyticalhierarchyprocess) əдісі қолданылды. Зерттеу барысында 7- сынып оқушыларынаTimedroundRobin əдісі, Quizwhizze ойыны, дебат, сағат дос, дөңгелек үстел əдістері химия пəнін оқытуда қолданылды. Интербелсенді əдістердің химия пəнінде қолдану оқушылардың сабақта белсенділігін, пəнге деген қызығушылығын, ақпарат қабылдау жəне алмасу дағдысын, білім сапасын арттырады. Зерттеу нəтижесінде қолданылған интербелсенді əдістердің тиімділіктелі салыстырылып, теориялық тұрғыдан сипатталды.

Тірек сөздер: химия, интербелсенді əдістер, оқыту, аналитикалық иерархиялық үдеріс.

(PDF)