Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру

Автор: Г.Б.Бейсенбекова1, А.Т.Нұрсейт2, Г.Н.Манашова3, А.К.Буртибаева4

1Пед. ғылым. канд., қауымдастырылған профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан
2Докторант, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан
3,4пед.ғылым.маг., аға оқытушы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан
Бет 90-96

https://doi.org/10.55956/YCOL1937

Аңдатпа. Жалпы білім беру кеңістігінде инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету өзекті мəселе ретінде қаралып отыр. Мақаланың мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында балалардың тұлғалық сапаларын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін талдау. Нақты мəліметтерге сүйенсек, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы жүзеге асыру туралы норма қабылданды. Алайда, осы санаттағы балалардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының ережелеріне сəйкес жүйе арқылы іске асыруға болатындығы дəйектелді. Бұндай балалар уақытша қиындықтарды басынан өткеруі де мүмкін екені айтылады. Авторлар ғылыми деректерді талдау арқылы осы типтегі балалардың тұлғалық дамуын жəне олардың тұлғалық сапаларын сипаттайды.

Тірек сөздер: инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, тұлға, сапа, тұлғалық сапалар, жеке əмбебап оқу іс-əрекеттері.

(PDF)