Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Е.Б. Дуйсенбеков1, Р.К.Керимбаева2

1Педагогика ғылымдарының магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
2Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 81-89

https://doi.org/10.55956/HUUM9433

Аңдатпа. Мақала жоғары сынып оқушыларын педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері туралы. Жалпы білім беретін мектепте оқушыларға кəсіптік бағдар беру, болашақ мамандық таңдауға бағыттау əдістері мен формалары ұсынылған. «Қызығушылық», «мамандыққа қызығушылық» ұғымына қатысты тəсілдер ұсынылып, мəселенің психологиялық-педагогикалық аспектілері айқындалған. Қызығушылықты анықтаудың бірнеше бағыттары анықталған: Студенттердің мансаптық бағдарлануы; Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру барысындағы үрдіске қызығушылықты қалыптастыру үдерісін модельдеу; Оқушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында студенттердің кəсіби педагогикалық ортаға белсенді енуі. Мақалада жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын қалыптастырудың тəжірибелік-эксперименттік жұмыс нəтижесін қолдану кезеңі айқындалған. Психология жəне педагогика саласындағы танымал ғалымдардың оқушыларды педагогикалық мамандыққа кəсіби бағдарлау, өзін-өзі тəрбиелеу, педагогикалық бағыттау, туралы енбектері мен тұжырымдары талданды. Оқушылардың педагогикалық қызметке кəсіби тұрғыда қызығушылығын қалыптастыру, бағдарлау жолдары көрсетілген.

Тірек сөздер: тұлға, даму, дағды, өзін-өзі анықтау, қызығушылық, кəсіби қызығушылық, кəсіби бағдар, педагогикалық мамандық, іс-əрекет.

(PDF)