Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Студенттердің креативтілігін қалыптастырудағы практикалық сабақтардың ерекшеліктері

Студенттердің креативтілігін қалыптастырудағы практикалық сабақтардың ерекшеліктері

Автор: П.М.Махашова1, Ш.Б. Буйембаева2

1,2Аға оқытушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 47-53

https://doi.org/10.55956/XXQX5157

Аңдатпа. Мақалада студенттердің практикалық сабақтарда заманауи әдіс- тәсілдерді меaңгеруі арқылы шығармашыл, белсенді, ізденімпаз, креативті тұлға ретінде қалыптастыруға негізделген. Студенттердің практикалық іс-әрекетке психологиялық дайындықтың мәнін түсіну, терең теориялық білімді игерумен қатар, міндеттерді, көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша креативтілікпен орындауға бағыттайды. Практикалық сабақтар шығармашылық қызығушылықты дамыту мақсатында қолданылатын педагогикалық- психологиялық заманауи инновациялық әдістерді терең игеруіне жол ашады. Студенттердің креативтілігін қалыптастыру барысында қолданатын интерактивті оқу әдістері, интеллектуальды іскерлік ойындар тақырыпты тануға, талдауға пәнді терең зерттеуге және шығармашылық жұмыстарың тиімділігін арттыруға үйретеді. Сонымен қатар, практикалық сабақтардың бағытын күшейту, сабақ франгментінің модельденген түрлерімен байланысты болашақ маманның кәсіби әркетіне неғұрлым жақындату мақсатын да көздейді. Шығармашылық сабақтар проблемалық жағдаяттар тудыру арқылы, әдістемелік тәсілдерді қолдануға, тұжырымдар жасауға, зерттеушілік тапсырмаларды айқындауға негізделеді.Студенттерге арналған креативті тапсырмаларды жүйелеу мақсатында динамикалық оқу әдісін ескере отырып, кәсіби маманның құрылымдық компоненттерін жүзеге асыруғаой-тұжырымдар жасалынған. Креативтілікті қалыптастыруға жетелейтін қабілеттер шығармашылық қызметтің сапасын анықтайды.

Тірек сөздер: интелектуалды әдістер, инновация, эмоционалдық, мотивациялық, франгмент, модель, компонент.

(PDF)