Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Фразеологиялық бірліктердің көркем мәтіндегі қолданысы

Фразеологиялық бірліктердің көркем мәтіндегі қолданысы

Автор: З.А. Құламанова1, Т. Жанкулов2, Г. Бектлеуова3

1филология ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
2философия ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
3құқықтану магистрі, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 32-38

https://doi.org/10.55956/ENPF8503

Аңдатпа. Мақалада фразеологиялық бірліктердің көркем мәтіндегі қолданысы сөз етіледі. Тілімізде кездесетін қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, сентенциялық пайымды, ойлы, түйінді мысалдар, фразеологизмдер барлығы өзіндік белгілері, тіркес тиянақтылығы, тұрақтылы т.б. орай тұрақты тіркестер болатыны анық. Мысалы, «аузымен құс тістеген», «аш кенедей жабысты», «аузын бағу», «қасқалдақтың қанындай», «іші жылу» және т.б. Ғалымдар фразеологиялық бірліктердің қолданылу жағдайлары мен әртүрлі түрленуін, сөйлеудегі және мәтіндегі өзгергіштігін де зерттейді. Мақалада негізінен қазақ фразеологизмдерінен даналық, өсиет, нақыл сөз түрінде келетін тіркестер де тілдік қолданыста көптеп кездесетіндігі қарастылады. Бұл зерттеулер фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, рухани, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге ерекше мән беретіндігі анық. Көркем шығармалардағы кездесетін фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктеріне жасаллған талдауда тілдегі адамдық фактордың жан-жақты қамтылуы байқалады. Ондағы адам бойында болатын жағымдыжағымсыз сезім әрекеттері, оның әрқашан сөйлеу дағдысы, сол кейіпкердің жеке басының қасиеттері, қоғамдық ортадағы алатын әлеуметтік жағдайы, көңіл-күйі т.б. тілдегі бейнелі фразеологиялық (тұрақты) тіркестер арқылы жеткізіліп отырғандығына нақты мысалдар келірілген. Сондай-ақ фразеологизмдер туралы зерттеулерге шолу жасалады, фразеологизмдердің стильдік қызметтерін айқындау - автордың шығармашылық әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін тереңірек ашуға, тілдің көркемдік құралдарын пайдаланудағы көркем бейнелер мен суреттерді дәл жасаудағы шеберлігін меңгеруге мүмкіндік беретіндігі талданады.

Тірек сөздер: фразеологизм, мәтін, стильдік қолданыс, идиом, фраза, талдау, зерттеу.

(PDF)