Конференцияда баяндама жасаудың ерекшеліктері

Автор: Л.К. Омаркулова

Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 20-24

https://doi.org/10.55956/PSJV3302

Аңдатпа. Мақалада ғылыми баяндама жасаудың ерекшеліктері, сөйлеуді электрондық презентациямен сүйемелдеу берілді. Ауызша ғылыми баяндама импровизация бола алмайтыны, ол күрделі терминдерге, анықтамалық тұжырымдарға, фамилияларға (дұрыс екпінмен және аяқталумен), күрделі синтаксистік құрылымдарға ерекше назар аудара отырып, сөйлеуді алдын-ала дайындау және қайталау туралы мақалада қарастырылады. Мақалада студенттік конференцияда, көрмеде құзыретті тыңдаушылардың алдына шығып сөйлеу үшін қажетті ақпарат берілген. Мақаланы студенттер, магистранттар, баяндамашылар пайдалана алады. Мақаланың мақсаты - ғылыми көрмелерде, конференцияларда, симпозиумдарда, ғылыми жұмыстар конкурстарында ғылыми баяндама жасау, презентациямен сүйемелдеу, академиялық сауаттылықты дамыту туралы ақпараттарды беру.

Тірек сөздер: баяндама, құзыретті, конференция, тұжырымдама, термин, синтаксистік құрылым.

(PDF)