Басты бет - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-1 - Мехмет Акиф Ерсой мен Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне салыстырмалы көзқарас

Мехмет Акиф Ерсой мен Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне салыстырмалы көзқарас

Автор: О. Сөйлемез1, Ө.Ф. Атеш2

1,2филология ғылымдарының докторы, Кастамону университеті, Кастомону, Түркия
Бет 7-13

https://doi.org/10.55956/XZRI3709

Аңдатпа. Түркия мен Қазақстан 19-ғасырдың аяғынан бастап модернизация үрдісіне енді. Сәйкесінше, екі өңірде де жазушылар мен ақындар өз шығармаларында реформаның қажеттілігін көрсетсе, әдеби шығармалар әлеуметтік мәселелерге баса назар аударды. Абай Құнанбаев пен Мехмет Акиф әлеуметтік сынды қосу және жаңашылдық қажеттігін айту тұрғысынан ұқсас көзқарас танытты. Екі өнерпаздың да әділетсіз билеушілерді, жалқаулық пен надандықты сынап, әйел мәселесіне баса назар аударуы – осы көзқарастың көрсеткіші. Бұл мақалада Абай Құнанбаев пен Мехмет Акифтің өлеңдері салыстырмалы түрде қарастырылады.

Тірек сөздер: Абай Құнанбаев, Мехмет Акиф, қазақ әдебиеті, түрік әдебиеті, салыстырмалы әдебиет, модернизм.

(PDF)