Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Құрамында парафині бар қозғалтқыш майының тұтқырлық және адиабаталық сығылғыштық коэффициенттеріне температураның әсерін зерттеу

Құрамында парафині бар қозғалтқыш майының тұтқырлық және адиабаталық сығылғыштық коэффициенттеріне температураның әсерін зерттеу

Автор: О. Имамбек

Физ.-мат. ғылым. канд., доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Бет 246-253

https://doi.org/10.55956/LWYW3773

Аңдатпа. Мақалада әртүрлі мөлшерде қоспалары бар қозғалтқыш майының тұтқырлық және адиабаталық сығылғыштық коэффициенттерінің атмосфералық қысымдағы температураға тәуелділіктері Стокс және акустикалық әдіспен зерттелген. Парафині бар мұнай өнімдері өндіріс орындарында, техникаларда, медицинада жиі қолданылатындықтан, олардың физикалық қасиеттеріне сыртқы параметрлердің әсерін зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор болғандықтан қазіргі таңда өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Құрамында 10%, 40% парафині бар қозғалтқыш майы 300-360 К температура аралығында алғаш рет зерттеліп отыр. Эксперименталдық өлшеулер мен теориялық есептеулерден алынған нәтижелер кестелер мен графиктер арқылы өрнектелген. Зерттелген үлгілердің температурасы реттегіштен, айнымалы тоқ көзінен және мыс-константан терможұбымен тұратын жүйенің көмегімен автоматты түрде әрбір 10 К температура сайын өлшеніліп отырылды. Ал, үлгідегі қорғасын шардың жылдамдығы оның жүріп өткен жолына кеткен уақытты электрондық секундомермен өлшеп, есептеу арқылы анықталды. Қоспадағы серпімді толқын жылдамдығын импульстік ультрадыбысты жүйені пайдаланып есептелді.

Тірек сөздер: динамикалық тұтқырлық, кинематикалық тұтқырлық, адиабаталық сығылғыштық коэффициенттері.

Имамбек, О. Құрамында парафині бар қозғалтқыш майының тұтқырлық және адиабаталық сығылғыштық коэффициенттеріне температураның әсерін зерттеу [Мәтін] / О. Имамбек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.246-253. https://doi.org/10.55956/LWYW3773

(PDF)