Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Судағы сабын ерітіндісінің тұтқырлығына температураның әсерін зерттеу

Судағы сабын ерітіндісінің тұтқырлығына температураның әсерін зерттеу

Автор: Т. Бижигитов1, Э. Мадалиева2

1Физ.-мат. ғылым. канд., профессор, 2PhD, қауымдас. профессор
1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 239-245

https://doi.org/10.55956/ZAMQ1141

Аңдатпа. Мақалада судағы сабын ертіндісінің динамикалық, кинематикалық тұтқырлық коэффициенттеріне қалыпты қысымда температураның әсері зерттелген эксперименталды өлшеу жұмыстарын жүргізу мақсатында классикалық Стокс әдісіне негізделген қорғасын шардың ауырлық күшінің әсерінен құлап, жүріп өткен жолына кеткен уақыт пен зерттеліп отырған үлгінің температурасы автоматтандырылған қондырғының көмегімен өлшенді. Жинастырылған қондырғы (300-360)°К температура аралығында динамикалық тұтқырлық коэффициентінің температураға тәуелділігі белгілі глицеринді зерттеу арқылы сынақтан өткізілді. Экспериментальді өлшеулер және физикадан белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып, судағы 25% сабын ерітіндісінен динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері алғаш рет көрсетілген температура аралығында зерттелді. Зерттеу барысында өлшенген параметрлердің бір-біріне тәуелділіктері кестелер мен графиктер арқылы өрнектеліп, алынған нәтижелер теориялық тұрғыдан жан-жақты талқыланып, практикалық маңыздылығына назар аударылған.

Тірек сөздер: динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері, жуғыш сұйықтар.

Бижигитов, Т. Судағы сабын ерітіндісінің тұтқырлығына температураның әсерін зерттеу [Мәтін] / Т. Бижигитов, Э. Мадалиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.239-245. https://doi.org/10.55956/ZAMQ1141

(PDF)