Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Эргономикалық талаптарды талдау негізінде аспазшылар киім жиынтығын дайындау

Эргономикалық талаптарды талдау негізінде аспазшылар киім жиынтығын дайындау

Автор: К.Ж. Кучарбаева1, А.А. Алимжанова2

1Техн. ғылым. канд., қауымдас. профессор, 2Магистрант
1,2Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Бет 112-120

https://doi.org/10.55956/NBJX9252

Аңдатпа. Мақалада арнайы аспазшыларға арналған киімнің эргономикалық талаптары мен қызмет саласындағы қозғалыстарының классификациясы талданды. Арнайы аспазшы киімнің ұсынылған кейіптердің бейнесі және киімнің конструкциясына әсер ететін қимыл-қозғалыс процесінде өзгеретін маңызды өлшемдік белгілері анықталып, талданды. Аспазшы арнайы киім жиынтығының сапасын жоғарылатуда, аспазшылардың антропометриялық ерекшеліктерін ескеріп, конструкциялық пішімде еркін қозғалысқа берілген қосымшалар дәйектелді. Зерттеу барысында аспазшылардың қызметіндегі қимыл-қозғалысына талдаулар жасалып, негізгі дене қозғалыстарына саралау жүргізілді. Нәтижесінде, динамикалық кейіпте бес қозғалыс түрі анықталды. Ұсынылған кейіп түрлері жұмыс істеу кезіндегі қимылқозғалыстары киімнің конструкциясына әсер ететін қозғалыс үрдісінде өзгеретін маңызды өлшемдік белгілер анықталды. Осыған байланысты динамикалық қозғалыстағы зерттелген өлшемдер мен еркіндікке берілген қосымшаның мәндері анықталды. Арнайы киім жиынтығында бөлек өңделген бөлшектермен құрастырылу ерекшеліктеріне қарай бөлу-қосу және басқа бөлшектермен ауыстыру тәсілдерінде көпфункционалды киім жиынтығы аралас фактуралы материалдардан дайындалды. Арнайы аспазшылар киім жиынтығы қызмет көрсету саласындағы ыңғайлылығына қарай және қоршаған ортадағы ауа-райына байланысты, жаздық мезгілге қысқа жең жакет пен шолақ шалбарға түрленеді.

Тірек сөздер: аспазшы, эргономикалық талап, қимыл-қозғалыс, динамикалық кейіп, антропометрия, өлшем.

Кучарбаева, К.Ж. Эргономикалық талаптарды талдау негізінде аспазшылар киім жиынтығын дайындау [Мәтін] / К.Ж. Кучарбаева, А.А. Алимжанова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.112-120. https://doi.org/10.55956/NBJX9252

(PDF)