Басты бет - Жаңа номер - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Ультрадыбысты қолдану арқылы сүт технологиясын жетілдіру

Ультрадыбысты қолдану арқылы сүт технологиясын жетілдіру

Автор: А.К. Оралова1, Т.Ч. Тултабаева2, Б. Калемшарив3

1Магистрант, 2Техн. ғылым. д-ры, 3Техн. ғылым. канд.
1,2,3С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 58-64

https://doi.org/10.55956/QDNO4994

Аңдатпа. Мақалада ультрадыбыстың тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатыны қарастырылады. Бұл салада ультрадыбыс өнімдерді зарарсыздандыру және тазарту, термиялық өңдеу және дезинфекциялау үшін қолданылады. Соңғы жылдары ультрадыбыс өзін заттың агрегаттық күйін өзгертуге, заттардың кристалдануы мен еруіне, химиялық және биохимиялық реакцияларды белсендіруге арналған қуатты және үнемді құрал ретінде көрсетті. Осы қасиеттердің арқасында, сондай-ақ әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықтағы ультрадыбысты шығаруға мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде арзан, тиімді және сенімді ультрадыбыстық жабдықтың пайда болуы, оны әртүрлі технологиялық процестерде кеңінен қолдануға жол ашты. Ультрадыбыстық тербелістерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, бұл технологиялық құрал тағамның сапасын жақсартуға және оларды өндіру процестерін оңтайландыруға көмектеседі. Жұмыстың негізгі мақсаты – сүт өндірісіндегі ультрадыбыстық өңдеу режимдерін анықтау және сақтау мерзімін ұзарту. Зерттеу барысында ультрадыбыстық өңдеу режимі мен уақыты анықталды, сүттің физикалық қасиеттері айқындалды.

Тірек сөздер: сүт, ультрадыбыс, қышқылдық, сақтау мерзімі, уақыт.

Оралова, А.К. Ультрадыбысты қолдану арқылы сүт технологиясын жетілдіру [Мәтін] / А.К. Оралова, Т.Ч. Тултабаева, Б. Калемшарив // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.58-64. https://doi.org/10.55956/QDNO4994

(PDF)