Басты бет - Мұрағат - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-2 - Қонақ үй қызметінің бизнес - процестерін модельдеу

Қонақ үй қызметінің бизнес - процестерін модельдеу

Автор: У.А. Орынбаева1, А.А. Бапанов2

1,2М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласы., Қазақстан
Бет 226-232

https://doi.org/10.55956/TAOQ2664

Аңдатпа. Мақала қонақ үй кәсіпорындарында бизнес процестерді басқару мен модельдеуге арналған. Бүгінгі таңда қонақ үй бизнесінің даму тенденцияларының бірі бәсекелестіктің едәуір артуы. Сондықтан қонақ үй кәсіпорындары бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізулері үшін тұтынушыларды тартуға, сапалы қызмет көрсетуге және қонақ үй имиджін арттыруға бағытталған әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады.Қонақ үй кәсіпорындары үшін осындай тәсілдердің бірі- инновациялық және тиімді бизнеспроцестерді енгізіп, соған сәйкес басқару. Кәсіпорын іс-әрекетін сапалы басқаруда процестік тәсілді тиімді қолданудың келесі қажетті сатысы бизнес процестерді модельдеу болып табылады. Зерттеу барысында BPMN стандартталған әдістемесі көмегімен қонақ үй қызметтерін көрсетудің бизнес процестерінің диаграммалары жасалды. Бұл BPMN диаграммалары арқылы бүкіл процестің нақты нәтижесі не екендігін айқындауға және кәсіпорынның қызметін талдауға болады. Ұсынылып отырған модельдер қонақ үйдің қызмет көрсетулерін ұйымдастырудың стандарттарын әзірлеуде, қонақ үй қызметіндегі әлсіз және осал тұстарын анықтауда, қонақ үй персоналын оқытуда, сонымен қатар жоғары білікті мамандарды даярлаудың оқу процесінде қолданыла алады.

Тірек сөздер: қонақ үй, қонақ үй қызметі, бизнес-процесс, модельдеу, диаграмма, BPMN, басқару, процестік тәсіл.

(PDF)