Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1
https://doi.org/10.55956/ZAMQ1141
Аңдатпа. Мақалада судағы сабын ертіндісінің динамикалық, кинематикалық тұтқырлық коэффициенттеріне қалыпты қысымда температураның әсері зерттелген эксперименталды өлшеу жұмыстарын жүргізу мақсатында классикалық Стокс әдісіне негізделген қорғасын шардың ауырлық күшінің әсерінен құлап, жүріп өткен жолына кеткен уақыт пен зерттеліп отырған үлгінің температурасы автоматтандырылған қондырғының көмегімен өлшенді. Жинастырылған қондырғы (300-360)°К температура аралығында динамикалық тұтқырлық коэффициентінің температураға тәуелділігі белгілі глицеринді зерттеу арқылы сынақтан өткізілді. Экспериментальді өлшеулер және физикадан белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып, судағы 25% сабын ерітіндісінен динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері алғаш рет көрсетілген температура аралығында зерттелді. Зерттеу барысында өлшенген параметрлердің бір-біріне тәуелділіктері кестелер мен графиктер арқылы өрнектеліп, алынған нәтижелер теориялық тұрғыдан жан-жақты талқыланып, практикалық маңыздылығына назар аударылған.
Тірек сөздер: динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері, жуғыш сұйықтар.
Бижигитов, Т. Судағы сабын ерітіндісінің тұтқырлығына температураның әсерін зерттеу [Мәтін] / Т. Бижигитов, Э. Мадалиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.239-245. https://doi.org/10.55956/ZAMQ1141
https://doi.org/10.55956/POCF7669
Аңдатпа. Кейінгі кезде әлемде судың тапшылығы сезіле бастады. Газдың да қоры шексіз емес. Сондықтан, суды да, газды да үнемдеуге тура келеді. Бұларды үнемдеудің көптеген әдістері де белгілі. Соның бірі сұйық заттар мен газдың шығынын азайтудың жолдары болып есептеледі. Бұл азайтулар процессінің екі жолы бар: бірі эксперименталды тұрғыдан есептеу, ал екіншісі – математикалық әдістермен есептеу. Осылайша, қарастырып отырған мәселе маңызды болып табылады.
Тірек сөздер: пневможетек, гидроқозғағыштар, гидроүрлегіш, газдың үлестік көлемі, газдын абсолюттык температурасы, Лагранж теңдеуі, жұмыс қуысындағы қысым, атмосфералық қысым, адиабаталық көрсеткіш, газ тұрақтысы.
Жақаш, Ә.Т. Пневможетектегі механизмдердің динамикасы [Мәтін] / Ә.Т. Жақаш, Р.А. Бештаева, Б.Д. Серік // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.229-238. https://doi.org/10.55956/POCF7669
https://doi.org/10.55956/SJTS1573
Аңдатпа. Сатылы біліктер өндірісі, машина жасауда айтарлықтай үлес салмағын құрайды. Бір жыл ішінде өндірісте 10 млн. астам дана сатылы білік дайындалады, оның жартысы автомобильдерге, тракторларға және басқа да техникаларға арналған. Сатылы біліктердің ауыр жұмыс жағдайлары олардың мойынтіректері мен тығыздағыштарына арналған орындардың қарқынды тозуына алып келеді. Барлық ақаулардың ішінде біліктің төлкемен түйіскен жерінде желіну түрінде жанасатын беттерінің тозуы басым. Жөндеу қорының жай-күйін талдау ілінісу біліктерінің барлығы дерлік өндіруші зауыттардың техникалық талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді. Олардың 20%-ы жарамдылық талаптарына сәйкес келмейтіндіктен жөндеуге жарамсыз.
Тірек сөздер: сатылы білік, бекіту орындары, шлицтер, пайдалану, тозу, техникалық талаптар, сапа.
Ибылдаев, М. Машиналардағы сатылы біліктерді жөндеу қорының жай-күйін талдау [Мәтін] / М. Ибылдаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.221-228. https://doi.org/10.55956/SJTS1573
https://doi.org/10.55956/HFIZ2370
Abstract. The article studies the theory of symmetric polynomials. As a result of the study, it was shown that one of the methods for solving systems of higher degree equations is the method using symmetric polynomials. The practical implementation of the solution method has a computer implementation in the Maple system.
Keywords: symmetric polynomials, higher degree equations, alternative methods of solving, analytical calculations.
Akhmetzhanov M.A., Duisebayeva G.K. Calculation of symmetric polynomials in the maple computer mathematics system // Mechanics and Technology / Scientific journal. – 2024. – No.1(83). – P.214-220. https://doi.org/10.55956/HFIZ2370
https://doi.org/10.55956/VJYW8091
Аңдатпа. Мақалада "Биометриялық аутентификация" ұғымы қарастырылады, биометриялық аутентификацияның әртүрлі заманауи мүмкіндіктері, аутентификациялаудың биометриялық әдістері, олардың қалай қолданылатыны, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен кемшіліктері баяндалады. Мобильді құрылғылар қазіргі қоғамда маңызды орын тапты, олардың жүздеген миллиондары қолданылуда. Смартфондар сияқты мобильді құрылғыларда сенімді және бейтарап пайдалануды сәйкестендіру және аутентификация бүгінгі таңда өзекті мәселелер. Осы саладағы заманауи шешімдердің көпшілігі «құрылғы құлпын ашу» сценарийіне негізделген – смартфон құлпын ашу үшін пайдаланушы берген ақпаратты (аутентификация факторларын) тексеру. Олардың көпшілігі құпия сөздер мен PIN кодтарына негізделген әлсіз аутентификация механизмдерін пайдаланады, олар оңай бұзылып, осылайша шабуылдаушыларға құрылғыға және оның сақталған деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан күшті аутентификацияға қажеттілік артып отыр және әртүрлі биометрияны мобильді платформаға қолдану маңызы артуда.
Тірек сөздер: биометриялық аутентификация, саусақ ізі, пайдаланушы, тор көзі, тану, сканерлеу, мобильді құрылғылар.
Доумчариева, Ж.Е. Мобильді құрылғыларда аутентификациялаудың биометриялық әдістері [Мәтін] / Ж.Е. Доумчариева, М.К. Есеналиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.205-213. https://doi.org/10.55956/VJYW8091
https://doi.org/10.55956/SZTD8228
Аңдатпа. Мақалада математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету (MБҚ) саласына және оның қазіргі әлемдегі жаңашылдығына шолу жасалған. Математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету математикалық есептерді шешуге арналған компьютерлік жүйелердің бөлігі болып табылады. Жұмыста математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету тұжырымдамаларының анықтамасына шолу және оның ғылым, техника, қаржы және технология, инженерлік сияқты әртүрлі салалардағы рөлі, сандық модельдеу, оңтайландыру, статистикалық талдау және символдық есептеулер сияқты математикалық бағдарламалардың көмегімен шешілетін негізгі есептер қарастырылады. Шолу мәні пайдаланушыларға қол жетімді құралдар туралы маңызды білім беру және әртүрлі контексттерде заманауи математикалық бағдарламаларды пайдалануға қызығушылықты ынталандыру үшін ресурс ретінде қызмет ету болып табылады. Бағдарламалық жасақтаманы жасаушылар үшін математикалық есептеулермен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.
Тірек сөздер: компьютерлік модельдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, инженерлік есептеулер, Matlab, Excel, MatLab, Scilab, SimInTech.
Канапьянова, З.Н. Математикалық функциялармен жұмыс жасайтын бағдарламалардың құрамына қысқаша шолу [Мәтін] / З.Н. Канапьянова, А.У. Елепбергенова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.191-204. https://doi.org/10.55956/SZTD8228