Мақсат, міндеттер

«Dulaty University Хабаршысы» ғылыми журналының мақсаты заманауи педагогикалық, гуманитарлық, филологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары мәселелері бойынша өзекті теориялық және эксперименталдық ғылыми зерттеу жұмыстарын отандық және шетелдік ғылыми қауымдастық арасында кеңінен тарату болып табылады.

Басылымның мақсатына жету үшін келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады:

- «Dulaty University Хабаршысы» журналын ҚР АжҚКМ Ақпарат комитетінде тіркеуден өткізу және мерзімдік басылымдар тізіміне есепке қою жөнінде куәлік алу;

- журналды халықаралық мерзімді басылымдар базасына енгізу және ISSN, eISSN номерлерін алу;

- отандық және шетелдік ғалымдардың, мамандардың, магистранттар мен докторанттардың өзекті ғылыми зерттеулерінің жаңа теориялық және эксперименталдық нәтижелерін мемлекеттік және шет тілдерінде жариялау;

- журналда жарияланатын әр мақалаларға жеке DOI индексін тағайындау және оны CrossRef компаниясында тіркеу;

- журнал редакциялық алқасының жұмысына, мақалаларды рецензиялауға Еуропа, Азия, Америка, Африка және Аустралия елдерінің ірі ғалымдарын тарту;

- журналдың халықаралық және қазақстандық сілтемелер дерек қорларында таралуын қамтамасыз ету;

- журналды ҚР ҒжЖБМ-нің Сапаны қамтамасыз ету комитетінің 1- тізіміне енуін қамтамасыз ету;

- журналды ГОСТ 7.5-98 «Журналы, сборники, информационные издания. Издательское оформление публикуемых материалов» және  ГОСТ 7.1-2003 «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления» базалық баспа ісі стандарттарының талаптарына және ҚР БжҒМ №170 бұйрығының (30.04.2020 ж. қабылданған) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

- журналдың таралымын кеңейту мақсатында «Қазпошта» АҚ жазылу индексін тіркеу;

- журналдың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электрондық сайтын дайындау және оның контентін үнемі жаңартып отыру арқылы журналдың ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- журналға мақалалар қабылдау және оларды рецензиялау жұмыстарын цифрландыру мақсатында электрондық платформа жұмысын оңтайландыру;

- журналға жарияланатын мақалалардың шынайылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын мақалаларды антиплагиат жүйесінен тексеруден өткізу;

- ірі ғалымдарды тарту арқылы ғылыми мақалаларды сапалы рецензиялау;

- журнал авторлары қатарынан мерейтой иелерінің ғылыми жетістіктерін тұрақты түрде жариялап отыру.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру журналдың беделін арттыруға және заманауи ғылыми басылымдар арасында өз ортасын құруға жағдай жасайтын болады.