Басты бет - Рецензентке мәлімет
Рецензент жадынамасы
Құрметті рецензент!
Журналдың қабылданған редакциялық саясатына сәйкес жариялауға келіп түсетін барлық мақалалар «жасырын» рецензиялаудан өтеді. Ол үшін рецензентке мақаланың авторлары жасырылған (көрсетілмеген) нұсқасы жіберіледі.
Рецензиялау барысында мақаланың өзектілігіне, зерттеу әдістемесінің дұрыс таңдалуына, ғылыми жаңалығына, тәжірибелік құндылығы мен баяндалу сапасына баға беруіңізді сұраймыз. Егер мақала мазмұны бойынша қандай да бір ескертулеріңіз немесе ұсыныстарыңыз болса, оларды да рецензияда көрсетуіңізді сұранамыз. Сонымен қатар, рецензияда мақаланы жариялау немесе кері қайтару бойынша өз пікіріңізді де білдіруіңіз қажет.
Рецензияны редакция ұсынған нысан бойынша толтыру керек. Оны журнал сайтынан «Рецензентке» деген айдардан жүктеп ала аласыз. Рецензия сіздің қолтаңбаңызбен расталып, жұмыс орныңыздың мөрімен бекітілуі тиіс. Рецензияны 10 күннен кешіктірмей беруіңізді өтінеміз. Дайын рецензияның электрондық нұсқасын (сканын) онлайн платформа арқылы журнал модераторына http://journal.dulaty.kz сілтемесі арқылы жолдауыңызды сұраймыз. Платформамен жіберу нұсқаулығы журнал сайтының «Рецензентке» айдарында қолжетімді.
Еңбегіңізді бағалай отырып, кәсіби құнды пікіріңіз үшін алғыс айтамыз!