Басты бет - Мұрағат - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Математикалық функциялармен жұмыс жасайтын бағдарламалардың құрамына қысқаша шолу

Математикалық функциялармен жұмыс жасайтын бағдарламалардың құрамына қысқаша шолу

Автор: З.Н. Канапьянова1, А.У. Елепбергенова2

1,2І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан
Бет 191-204

https://doi.org/10.55956/SZTD8228

Аңдатпа. Мақалада математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету (MБҚ) саласына және оның қазіргі әлемдегі жаңашылдығына шолу жасалған. Математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету математикалық есептерді шешуге арналған компьютерлік жүйелердің бөлігі болып табылады. Жұмыста математикалық бағдарламалық қамтамасыз ету тұжырымдамаларының анықтамасына шолу және оның ғылым, техника, қаржы және технология, инженерлік сияқты әртүрлі салалардағы рөлі, сандық модельдеу, оңтайландыру, статистикалық талдау және символдық есептеулер сияқты математикалық бағдарламалардың көмегімен шешілетін негізгі есептер қарастырылады. Шолу мәні пайдаланушыларға қол жетімді құралдар туралы маңызды білім беру және әртүрлі контексттерде заманауи математикалық бағдарламаларды пайдалануға қызығушылықты ынталандыру үшін ресурс ретінде қызмет ету болып табылады. Бағдарламалық жасақтаманы жасаушылар үшін математикалық есептеулермен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Тірек сөздер: компьютерлік модельдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, инженерлік есептеулер, Matlab, Excel, MatLab, Scilab, SimInTech.

Канапьянова, З.Н. Математикалық функциялармен жұмыс жасайтын бағдарламалардың құрамына қысқаша шолу [Мәтін] / З.Н. Канапьянова, А.У. Елепбергенова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.191-204. https://doi.org/10.55956/SZTD8228

(PDF)