Главная - Текущий выпуск - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-1 - Сыртқы магнит өрісіндегі магниттелетін сұйықтың қозғалысы

Сыртқы магнит өрісіндегі магниттелетін сұйықтың қозғалысы

Автор: Р.Ж. Наметкулова1, А.К. Кадиримбетова2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 153-160

https://doi.org/10.55956/AJZH3118

Аңдатпа. Берілген заң бойынша магниттелетін сығылмайтын сұйықтың жұқа қабатының біртекті емес магнит өрісіндегі қатты төсеніш бойымен ағысы туралы есептің аналитикалық шешімі қарастырылған. Қабаттың пішінінің уақыт бойынша өзгерісін сипаттайтын дербес туындылардағы дифференциалдық теңдеу алынған. Есептің жалпы қойылымы қарастырылған. Алдын ала берілген күшті ток өтетін вертикаль шексіз цилиндрлік өткізгіштің магнит өрісіндегі магниттелетін сұйықтың жұқа қабаты туралы есептің шешімі сипатталған.

Тірек сөздер: магниттелетін сұйық, магнит өрісі, қатты жазықтық бойымен ағыс, үзілістердің таралуы.

Наметкулова, Р.Ж. Сыртқы магнит өрісіндегі магниттелетін сұйықтың қозғалысы [Мәтін] / Р.Ж. Наметкулова, А.К. Кадиримбетова, // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.153-160. https://doi.org/10.55956/AJZH3118

(PDF)