Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - 2022 жылғы Кіші Арал теңізі зоопланктонының түрлік құрамы және сандық сипаттамасы

2022 жылғы Кіші Арал теңізі зоопланктонының түрлік құрамы және сандық сипаттамасы

Автор: М.Б.Үсенова

А.-ш. ғылым. магистрі, кіші ғылыми қызметкер, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал фил., Қызылорда қ., Казақстан
Бет 136-144

https://doi.org/10.55956/LTKR9966

Аңдатпа. Мақалада 2022 жылғы мамыр-маусым-қыркүйек айларында Кіші Арал теңізінің зоопланктонының жағдайы туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу кезеңінде Кіші Арал теңізінің зоопланктон құрамынан негізгі планктонды организмдерінің 32 түрі анықталды:коловраткалар – 19, бұтақмұрттылар – 7 және ескекаяқтылар – 6 түрі. Сонымен қатар, уақытша планктонды омыртқасыздардың түрлері кездесті – қосқақпақты моллюскалардың личинкалары, бақалшақты шаянтәрізділер, сақиналы құрттар және хирономидалар. Зоопланктон әр түрлі дәрежеде омыртқасыздардың төрт тобын құрады, бірақ екі зерттеу кезеңінде де ескекаяқтылар алдыңғы қатарда болды. Бұл акклиматизант - C. aquaedulcis шаянтәрізді омыртқасыздың дамуымен тығыз байланысты. Бұл ескекаяқтылар тобының көшбасшылығы бүкіл теңіз аудандары бойынша тіркелді. Жалпы, зоопланктон биомассасының қоректілік орташа мәні «өте төмен» деңгейіне сәйкес келді. Бұл материалды жинау уақытына, тереңдікке және бұтақмұрттылардың айтарлықтай даму деңгейінің болмауына байланысты болуы мүмкін.

Тірек сөздер: зоопланктон, таксон, саны, түр құрамы, биомасса, қоректілік, доминант, балық аулау аймағы.

(PDF)