Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін жетілдіру тәжірибесі

Ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін жетілдіру тәжірибесі

Автор: Г.И. Муратова1, С.К. Карауылбаев2, Г.И. Туреханова3

1Пед. ғылым. канд., доцент, 2PhD, доцент, 3Мат. магистрі, аға оқытушы
1,2,3М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 55-68

https://doi.org/10.55956/XQFQ1731

Аңдатпа. Цифрландыру білім мазмұнына ғана әсер етіп қоймай, ақпараттық білім ортасын ұйымдастыруды жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр. Университеттегі білім беру бағдарламалары ақпараттық технологиялар өзгерісіне ілесіп, жыл сайын жаңарту және толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық білім ортасын ұйымдастыруда дағдылы болып кеткен презентациялар мен бейнефайлдарды қолданумен қатар бейнебайланыс көмегімен жетекші мамандардың сабаққа қатысуын, деректер қорына тікелей қолжетімділік, жаңалықтар немесе форумдарды трансляциялауды жоспарлау, әлеуметтік желі мүмкіндіктерін қолдану қазіргі сабақты өткізудің формаларына айналуы тиіс. Мақалада ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін жетілдіру екі бағытта жүзеге асатыны көрсетілген. Біріншісі, пәннің мазмұнын жаңартып отыру. Екіншісі, виртуалды тақта, менталды карта, кеңейтілген шындық немесе білім берудегі мобильді технологиялар мен QR кодтарды, жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылаумен байланысты.

Тірек сөздер: ақпараттық білім ортасы, ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі, жаңартылған мазмұн.

(PDF)