Басты бет - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Мал азығын дайындау комбайндағы дефлекторының бүйір қабырғасының көлбеулігінің оңтайлы мәнін анықтау
Мал азығын дайындау комбайндағы дефлекторының бүйір қабырғасының көлбеулігінің оңтайлы мәнін анықтау
https://doi.org/10.55956/UOHB8669
Аңдатпа. Елімізде ірі-қара мен қой-ешкі малының 85%-дан астамы үй шаруашылығы мен кіші шаруа қожалықтарында екендігі белгілі. Кіші шаруа қожалықтардың 65% астамында ірі қараның саны 100-басқа дейін ал қой малының саны 300-ден аспайды екен. Сонымен қоса малдан алынатын өнімді арттыру үшін сүт өндіру және мал бордақылау фермаларын салу жолға қойылуда. Осындай фермаларда мал өнімі өндірісін жоғарылату үшін малды сапалы азықпен қамтамасыз ету қажет. Мал азығының негізгі түрлері сүрлем шөп және сүрлем әзірлеуде мал азығын дайындау комбайндары пайдаланылады. Қазіргі таңда шет елдерде құрылысы әртүрлі комбайндар шығарылуда бірақ олардың көбісі үлкен шаруа қожалықтарына арналған. Сондықтан бағасы тым қымбат. Ал енді кішігірім комбайндар мал азығын дайындау барысында азықтың ұсақтау ірілігін реттей алмайды. Осы себепті біз кішігірім мал азығын дайындау комбайнының макеттік үлгісін жасап, оны сабақты азықтың ірілігін реттейтін құрылғымен жабдықтадық. Жүргізілген тәжірбиелік зерттеулер аясында комбайнмен шөп шапқан кезде әр түрлі ылғалдықтағы жалдағы шөпті жинап ұсақтағанда нәтижелі мәліметтер алынды. Осымен қатар комбайнды жүгеріні шауып ұсақтау үрдісінде сынауда оның дефлекторының тығылып қалуы байқалды. Сондықтан осы мақала бойынша азықты артқа және бүйірге лақтыру үрдістерінде дефлектордың бүйір қабырғасының оңтайлы мәнін анықтау зерттеу мақсаты болып табылады. Комбайнға сабақты азықтың ұсақтау ірілігін реттейтін құрылғы қойылғанда өтілетін үрдістің математикалық моделін алып, яғни комбайнның параметірлеріне байланысты азықтың ұсақтау ірілігінің теориялық жолмен анықтайтын заңдылықтарын алу. Осы алынған нәтижелер жасалған комбайнның мал азығын әзірлеудің барлық үрдістерінде пайдалануға болатынын көрсетеді. Бұл жағдай осы жасалған комбайнның басқа комбайндармен салыстырғанда бәсекелестігінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Ал алынған теориялық зерттеулер нәтижесі ғылыми ортадағы мәртебесінің және еліміздегі ғылыми бәсекелестік жоғарылауын қамтамсыз етеді.
Тірек сөздер: жем-шөп жинағыш комбайн, дефлектор, дефлекторының бүйір қабырғасы, айдау диапазоны, жылдамдық.
Оразахын, Д.Н. Мал азығын дайындау комбайндағы дефлекторының бүйір қабырғасының көлбеулігінің оңтайлы мәнін анықтау [Мәтін] / Д.Н. Оразахын, Т. Абилжанулы // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.452-458. https://doi.org/10.55956/UOHB8669