Главная - Текущий выпуск - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-4 - Функционалдық бағытта байытылған сүт қышқылды сусынның рецептурасын әзірлеу

Функционалдық бағытта байытылған сүт қышқылды сусынның рецептурасын әзірлеу

Автор: С. Әлтайұлы1, Т.Б. Сансызбай2

1,2С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 52-59

https://doi.org/10.55956/GENG9045

Аңдатпа. Мақалада сүт қышқылды сусындардың бірі болып табылатын йогурт өнімінің құрамын С дәруменімен және инулинмен байыту жолы көрсетілген. Йогурт өнімін С дәруменімен байыту Қазақстан Республикасының жерінде жақсы өсетін шырғанақты қосу арқылы жүзеге асырылады. Құрамында инулиннің көп мөлшерінің болуымен ерекшеленетін кептірілген шашыратқы тамыры да байытушы компонент ретінде таңдалынды. Мақалада шырғанақтың және шашыратқының адамның денсаулығына тигізетін әсері қарастырылды. Функционалдық бағытта байытылған йогурт рецептурасының 3 үлгісі дайындалды. Органолептикалық көрсеткіштері жоғары бағаланған байытылған йогурттың рецептурасы анықталды.

Тірек сөздер: функционалдық өнім, сүт қышқылды сусын, йогурт, шырғанақ, шашыратқы, инулин, С дәрумені.

Әлтайұлы, С. Функционалдық бағытта байытылған сүт қышқылды сусынның рецептурасын әзірлеу [Мәтін] / С. Әлтайұлы, Т.Б. Сансызбай // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №4(82). – Б.52-59. https://doi.org/10.55956/GENG9045

(PDF)