Главная - Текущий выпуск - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-1 - Сүт сарысуы негізінде сүтқышқылды өнімнің технологиясын жетілдіру

Сүт сарысуы негізінде сүтқышқылды өнімнің технологиясын жетілдіру

Автор: А.Б. Нуртаева1, С. Әлтайұлы2, С.Қ. Бекбай3

1,2,3С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., Қазақстан
Бет 62-69

https://doi.org/10.55956/OBOL2856

Аңдатпа. Зерттеу сүт сарысуын қалдық ретінде ғана емес, жұмсақ ірімшік жасауда жаңа өнімді алуға арналған шикізат көзі ретінде қарастыруды көздейді. Сондықтан бұл жұмыс жұмсақ ірімшіктердің ассортиментін қалдықсыз жаңа өніммен толықтырып, сүт сарысуының адам ағзасына пайдасын жіті бақылау және бағалауға, сүт сарысуы негізінде жасалған жұмсақ ірімшік құрамы мен сапалық көрсеткіштерін толықтай тексеруге мүмкіндік береді. Жұмыстың негізгі мақсаты – сүт өнеркәсібінде жаңа, қалдықсыз өнімді өндірістік жағдайда өндіруді іске асыру әрі сүт сарысуының адам ағзасына пайдасын қарастырып, жұмсақ ірімшіктердің жаңа технологиясын жасау және алынған өнімді күнделікті тамақ рационында пайдалану. Зерттеу нәтижесінде сүт сарысуынан жасалған жұмсақ ірімшік технологиясы әзірленді.

Тірек сөздер: сүт сарысуы, жұмсақ ірімшік, органолептикалық көрсеткіштер, физикалық-химиялық көрсеткіштері, ақуыз, биологиялық құндылық, қалдықсыз өнім.

Нуртаева, А.Б. Сүт сарысуы негізінде сүтқышқылды өнімнің технологиясын жетілдіру [Мәтін] / А.Б. Нуртаева, Б.А. Нұрлыбаев, С.Қ. Бекбай, // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.62-69. https://doi.org/10.55956/OBOL2856

(PDF)