Главная - Текущий выпуск - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-1 - Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім
Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім
https://doi.org/10.55956/UZPK7934
Аңдатпа. Бұл зерттеудің мақсаты – дайын өнімнің тағамдық құндылығын арттыру үшін кептірілген алма күнжарасы көмегімен кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін жасау. Халықтың көпшілігінде ағзада қажетті макро- және микроэлементтердің, сондай-ақ дәрумендердің концентрациясы төмендейді. Осыған байланысты жергілікті өсімдік шикізатын пайдалана отырып, кондитерлік өнімдерді әзірлеу бойынша кешенді зерттеулер жүргізу өзекті болып табылады. Кептірілген алма күнжарасының әр түрлі мөлшерімен кекс рецепті жасалған болатын. Алма күнжарасы өнімге 8, 10, 12, 14 және 16% мөлшерінде қосылды. Дайын өнімдер сапаның негізгі көрсеткіштері бойынша зерттелді. Органолептикалық және физикалық-химиялық, сондай-ақ дәмдік бағалау нәтижелері бойынша алма күнжарасы дозасы 14% болатын кекс ең жақсы үлгі болып таңдалады. Тағамдық құндылықты есептеу көрсеткендей, әзірленген өнімде В1 және РР дәрумендерінің мөлшері артады; минералды заттар: К, Mg, P, Ca, Na, ақуыз, сондайақ асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмектесетін сіңірілмейтін көмірсулар. Алынған мәліметтер,сонымен қатар зерттеуге сүйене отырып, алма күнжарасы кондитер өндірісінде қолдану тағамдық құндылығы жоғары кекстің жаңа түрін алуға, кондитерлік өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.
Тірек сөздер: алма күнжарасы, тағамдық құндылығы, кекс, кондитерлік өнімдер, ассортимент.
Байбатыров, Т.А. Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім [Мәтін] / Т.А. Байбатыров, Д.А. Жумашова, Г.А. Умирзакова, // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.41-48. https://doi.org/10.55956/UZPK7934