Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-2 - Органикалық тыңайтқыш алу мақсатында лай алаңдарында ағынды сулардың тұнбаларын қайта өңдеу

Органикалық тыңайтқыш алу мақсатында лай алаңдарында ағынды сулардың тұнбаларын қайта өңдеу

Автор: С.Т. Дуйсенбаева
Бет 137-141

https://doi.org/10.55956/SCAN6692

Аңдатпа. Жұмыс сарқынды сулардағы жиналған тұнба шөгінділерін сусыздандыру мәселесіне арналған. Ол үшін сарқынды суды "Байкал ЭМ", "БИОПАГД" және "Биофокс-Оксидол" препараттарымен өңдеу бойынша тәжірибелік жұмыстар нәтижелері келтірілген. Препараттарды пайдаланудың оңтайлы мөлшерлері анықталған және оның шламды сусыздандыру мен иіссіздендіруде ерекшеліктері баяндалған. Жұмыс нәтижелері экологиялық таза қоршаған ортаны құру, кәріз ағындарымен ластанудың алдын алу, қалалар мен ауылшаруашылық жерлерінің зиянды қалдықтармен және қауіпті химиялық қосылыстармен ластануының алдын алу мәселелерін шешуде маңызды болып табылады.

Тірек сөздер: ағынды сулардың тұнбасы, ағынды сулар, кәріз ағындарымен ластану, шлам.

Дуйсенбаева, С.Т. Органикалық тыңайтқыш алу мақсатында лай алаңдарында ағынды сулардың тұнбаларын қайта өңдеу [Мәтін] / С.Т. Дуйсенбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.137-141. https://doi.org/10.55956/SCAN6692

(PDF)