Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-2 - Глютенсіз нан өндіру технологиясын жетілдіру

Глютенсіз нан өндіру технологиясын жетілдіру

Автор: Н.С. Машанова, Г.Б. Тоқмаханбет
Бет 28-33

https://doi.org/10.55956/JOSY4637

Аңдатпа. Мақалада дәстүрлі емес ұндарды қолдана отырып, целиакеямен ауыратын адамдарға арналған глютенсіз нан өнімдерін өндірудің технологиясын жетілдіру ұсынылған. Глютенсіз пісірілген өнімдердің пісіру сапасын жақсартудың, нан жұмсағының құрылымын жақсарту және нанның соңғы көлемін ұлғайтудың әртүрлі мүмкіндіктеріне шолу жасалынды. Зерттеу барысында күріш пен жүгері ұндарының қоспасына 5%, 10%, 15% мөлшерінде зығыр ұнын қосып нан пісірілді. Қамыр илеу кезінде барлық рецептуралық компоненттермен бірге зығыр ұны қосылды. Қамыр кілегейлі консистенциялы болғандықтан, миксердің көмегімен иленді. Зығыр ұны қосылған күріш пен жүгері ұндарының қоспасынан пісірілген нан жақсы органолептикалық сапа көрсеткіштеріне ие болды, бірақ пісірілген өнімнің бетінде кішігірім жарықтар пайда болды. Нанға тән хош иісі болды. Зығыр ұнының пайызы артқан сайын пісірілген нанның дәмі де айқындала түсті. Әзірленген рецептура отандық өндірістің глютенсіз азық-түлік ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тірек сөздер: глютен, глютенсіз нан, целиакия, зығыр ұны, күріш ұны, жүгері ұны, химиялық құрамы, физика-химиялық көрсеткіштері.

Машанова, Н.С. Глютенсіз нан өндіру технологиясын жетілдіру [Мәтін] / Н.С. Машанова, Г.Б. Тоқмаханбет // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.28-33. https://doi.org/10.55956/JOSY4637

(PDF)