Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ЕАЭО елдерінің инвестициялық ынтымақтастығы

Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ЕАЭО елдерінің инвестициялық ынтымақтастығы

Автор: У.К. Раймбекова

Менеджмент магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 185-196

https://doi.org/10.55956/NXTD9002

Аңдатпа. Қазіргі халықаралық саяси қарама-қайшылықтар жағдайында кез келген мемлекет үшін көрші елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту басты міндет болып табылады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан мемлекеттерін біріктіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жұмыс істей бастады. Бұл өңірлік интеграциялық ұйымның мақсаты тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі, сондай- ақ экономика салаларында үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз ету. ЕАЭО елдерінің өзара инвестициялық ынтымақтастық негіздерін қарастыруға арналған көптеген зерттеулерге қарамастан, қазіргіәлемдік экономиканың ерекшеліктері негізгі геосаяси және макроэкономикалық әріптестік шеңберінде өзара инвестициялық ынтымақтастық құрылымын зерттеудіталап етіп отыр. Мақалада ЕАЭО-қа мүше елдердің инвестициялық қызметінің негізгі үрдістеріне талдау жүргізілді, өзара тікелей инвестициялар құрылымының ерекшеліктері, экономикалық қызмет түрлері бойынша одақ елдерінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі талданып, нвестициялардың қарқындылық индексі бағаланды. Зерттеу барысында тиімді инвестициялық ынтымақтастыққа жету жолында одақ мемлекеттердің алдында тұрған проблемалар жәнеөзара ынтымақтастықэкономикалық және қаржылық интеграциясының перспективалары анықталынды.

Тірек сөздер: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), инвестициялық саясат, негізгі капиталға салынған инвестициялар, жалпы ішкі өнім(ЖІӨ), тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ), өзара тікелей инвестициялар құрылымы.

(PDF)