Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Жергілікті өзін-өзі басқару демократиялық процестің ахуалы жайында қоғамдық пікірдің мониторингі

Жергілікті өзін-өзі басқару демократиялық процестің ахуалы жайында қоғамдық пікірдің мониторингі

Автор: Б.Т. Альмуратов

Әлеуметтік білімдер магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ. Қазақстан
Бет 172-184

https://doi.org/10.55956/FRLM7482

Аңдатпа. Жергілікті өзін-өзі басқару институтының демократиялық процестерге әсерін әлеуметтанулық сауалнама жасай отырып зерттеу нәтижесінде үш облыс тұрғындарының көзқарасын анықтап белгілі бір зерттеу нәтижесі пайда болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына деген қоғамның сұранысы, бүгінгі күні жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуына қандай мәселелер орын алуда, тұрғындардың ойынша қандай кезек күттірмейтін шешімдер қабылдауды талап етуде, қоғамдық және басқару институттарының халықтың қоғамдық белсенділігін арттыруына көмектесу деңгейі және биліктің шешім қабылдау процесінде қалың жұртшылықты қатыстырудың тиімді жолдары қарастырылған. Зерттеу анкета арқылы пікір-терім алынып оның нәітижесі шығарылды. Пирсон кестесі бойынша екі сұрақтан салыстырмалы кесте жасалынып оынң мәндері есептеліп екі әлеуметтік құбылыстың қайсысы маңыздырақ екендігі өлшенді. Осы әдіс бойынша қазіргі Қазақстанның саяси өмірі демократияны таңдау жолына тәуелді емес екендігі айқындалды.

Тірек сөздер: жергілікті өзін-өзі басқару, демократия, үшін Х2 (Хи-квадрат) әдісі.

(PDF)