Түйелердің биологиялық ерекшеліктері

Автор: А.К. Агибаева

Ветеренария ғылым. канд., доцент, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
Бет 154-163

https://doi.org/10.55956/YLKS6428

Аңдатпа. Түйелер (Сamelus) - түйе тұқымдасының, көнтабандылар отрядының ірі сүтқоректілері. Қазіргі уақытта әлемде түйе тұқымдасының өсірілетін түрлері: бір өркешті түйелер - дромедарлар (Сamelus dromedarius), қос өркешті түйелер - бактриандар (Сamelus bactrianus) және ламалар, олардың ішінде лама және альпака. Ғылыми мақалада түйе жануары мен түйе шаруашылығының маңызы, түйенің тұқымдары мен будандарының ерекшеліктері, басқа ауылшаруашылық жануарларынан анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері қарастырылып, талданды. Талдау барысында түйелердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қысқы суыққа және жазғы ыстыққа өте төзімді. Сонымен қатар, оның құнды болуының тағы бір себебі, әсіресе қолайсыз жағдайларда, басқа жануарларды өсіру қиын болған жерлерде, одан әр түрлі жоғары сапалы жүн, емдік сүт, ет, тері сияқты өнімдер алуға болады, әрі жүк тасуда да, мініс жануары ретінде де пайдаланылады. Адамдар түйемен өте ежелден, ежелгі тас дәуірінде, жүздеген мың жыл бұрын таныс. Әйтсе де, қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде шөлденудің артуы жағдайында түйе шаруашылығын дамыту – тиімді екендігі талданды.

Тірек сөздер: түйе, бура, інген, бота, өркеш, дромедар, бактриан, көнтабандылар, гибридтер.

(PDF)