Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Психикалық дамуы тежелген балалардың логикасын дамыту

Психикалық дамуы тежелген балалардың логикасын дамыту

Автор: А.Ш. Стыбаева1, Э.Ж.Амиркенова2

1Пед. ғылым. канд., доцент, 2Магистр
1Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
Бет 78-85

https://doi.org/10.55956/XKBB8655

Аңдатпа. Заманауи білім беру жүйесі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жағдай жасауға арналған, сондықтан авторлар мақалада жалпыға білім беретін мектеп жағдайында психикалық дамуы тежелген балалардың логикасын дамыту мәселесін қарастырған. Мектепке дейінгі ересек және мектеп жасындағы балалардың ойлауын, оның ішінде логикалық ойлауын, дамытуға ерекше мән беру қажет, себебі мектепте оқудың басталуымен ойлау басқа танымдық процестермен қатарлас негізгі процестің біріне айналады. Логикалық ойлаудың қалыптаспауы баланың алған білімінің толық болмауына әкеледі, өз кезегінде бұл жағдай оқу процесін қиындатады және оның тиімділігін төмендетеді. Психикалық дамуы тежелген балаларда ойлаудың көрнекі-бейнелі және ауызша-логикалық түрлері жақсы дамымағандықтан оларда үлкен қиындықтар туындайды. Біздің зерттеуіміздің практикалық маңыздылығы осы топтағы балалардыңлогикалық ойлау тәсілдерін (талдау, салыстыру, жіктеу, ұқсастықты анықтау, жалпылау, себеп-салдарлық байланыстарды түсініп, пайдалану), есте сақтау қабілетін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын, басқатырғыштарды шешуге қызығушылықтарын дамытуға арналған кешендік бірлескен сабақтарды даярлаумен анықталады.

Тірек сөздер: инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері, психикалық дамуы тежелген балалар, логика, дамыту.

(PDF)