Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Жазушы Е. Әлімжанның «Анажар» романындағы қазіргі қоғам бейнесі: автор идеясы және кейіпкер жүгі

Жазушы Е. Әлімжанның «Анажар» романындағы қазіргі қоғам бейнесі: автор идеясы және кейіпкер жүгі

Автор: Ұ.Сәменқызы1, Ж.Д. Калиева2

1Филология ғылымдарының магистрі
2Филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
1,2М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан
Бет 30-39

https://doi.org/10.55956/IEKB1132

Аңдатпа. Әдебиеттің басты мақсаты – заман, қоғам шындығын бейнелеу. ХХІ ғасырда Қазақ елі Ресей патшалығының 300 жылдық отарлық езгісінен, одан кейінгі кеңестік дәуірдің отаршылдығынан құтылғанмен, Тәуелсіздікті баянды етудің, өзге елдермен қатар тұрар мемлекет құрудың жеңіл еместігін бастан кешіп отыр. Тәуелсіздікке тәубе дегенмен, экономикалық, әлеуметттік, ұлттық, моральдік мәселелер күн тәртібінде өткір тұр. Қоғамның өзгерісі адамдардың санасына да үлкен өзгерістер әкелген. Жеке меншіктік сана орнықты. ХХ ғасырдың 90- жылдарының басында да, қазірде де мемлекеттік меншікті талан-таражға түсіріп, қалайда баюды көксегендер шықты. Олар баюды мақсат тұтып, адалдық пен әділдікті белден басты. Қиянат пен жағымпаздақ, бақай есеп пен қулық-сұмдық, ашкөздік пен қанағатсыздық қатар жүрді. Жазушы Е. Әлімжанның «Анажар» романында ХХІ ғасырдағы осындай көкейкесті мәселелер мен моральдік жайлар суреттеледі. Көркем туындыда автор түрлі аспектіде қарастырылады.Себебі ол көркем туындыны жасаушы ретінде шығарманың барлық бөлігіне араласады.Соның бірі - автордың өзін толғантқан басты ой қазығын кейіпкер, оныңтағдыры арқылы бейнелеуі. Бұл ретте қаһарман сюжеттің қозғаушы күші ғана емес, тартыс аясында жазушының толғанысын, қоғам туралы алаңдаушылығы мен сыншылдық көзқарасын оқырманға көркем жеткізуші тұлға болып саналады. Мақалада авторлық идеяның кейіпкер тағдыры арқылы суреттелуі және өзге де әдеби-теориялық мәселелер жазушының қазіргі заман тақырыбына жазылған романы негізінде талданады.

Тірек сөздер: Қазіргі қоғам, роман, автор бейнесі, қаһарман, ішкі монолог.

(PDF)