Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-3 - Төрт түлікке қатысты биотопонимдердің ауылшаруашылық саласындағы маңызы

Төрт түлікке қатысты биотопонимдердің ауылшаруашылық саласындағы маңызы

Автор: С.Қ. Иманбердиева

С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан
Бет 13-29

https://doi.org/10.55956/BUNN6189

Аңдатпа. Мақалада биотопонимдердің мал шаруашылығын дамытудағы рөлі, атқаратын қызметі анықталады. Көмескіленген мағыналы биотопонимдердің шығу тегі анықталып, мазмұндағы ақпарат негізінде флора не фаунасы емес, көне географиялық терминдер екендігі айқындалады. О бастағы кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ халқы үшін төрт түлікке қатысты биотопонимдердің аса маңыздылығы анықталады. Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиеті, топонимия материалдарындағы төрт түлік атаулары негізінде танымдық тұрғыдан ұлттық болмысты айқындау. Қазақ халқының аймақтық биотопонимиясы негізінде салыстыра отырып, мал шаруашылықты дамытуға қатысты ақпаратқа талдау жүргізу, ғылыми негіздемесін әзірлеу, жүйелеу. Зерттеу әдістері: статистикалық әдіс, салыстырмалы-салғастырмалы, этимологиялық талдау, лингвокогнитивтік, концептуалды, компоненттік (семантикалық) талдау. Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған. Көнеден осы уақытқа дейін төрт түлікке қатысты биотопонимдердің ауылшаруашылықтың дамуында қажетті ақпаратты беріп отырғандығының айғағы. Мал шаруашылығын дамытуда жайылымның ыңғайлығы, ит-құстың болмауы, сулы, нулы болуы маңызды, сондықтан жалаң төрт түлікке қатысты биотопонимдер ғана емес, мал шаруашылығының дамуына маңызды топонимдер де қарастырылады. Мақаланыңпрактикалық маңыздылығына оның негізгі нәтижелерін лексикология, ономастика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану тәрізді теориялық курстарда, сондай-ақ қазақ тілін оқыту парктикасы үшін семинарларда қолдануға болатыны жатады.

Тірек сөздер: биотопоним, сала, ақпарат, мәні, мал шаруашылығы.

(PDF)