Басты бет - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерінің температураға тәуелділіктерін зерттеу
Құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерінің температураға тәуелділіктерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/UVXH4625
Аңдатпа. Мақалада құрылыстарда кеңінен қолданылатын маркасы 09Г2С болаттың физико-механикалық қасиеттері тәжірибе жүзінде зерттелген. Зерттеу жұмыстарын жүргізетін қондырғының құрылысы сипатталып, зерттелетін үлгінің температурасын және онда таралатын серпімді қума және көлденең толқындардың жылмдамдықтарын анықтау әдістері баяндалған. Ультрадыбыстың қума және көлденең толқындарының жылдамдықтары (220-380)К температура аралығында әрбір 10К температура сайын сатылы түрде өлшеніп отырылды. Толқынды шығаратын көз және оны қабылдайтын қабылдағыш ретінде резонанстық жиілігі 10 МГц кварцтан жасалған пьезоэлементт қолданылды. Үлгінің температурасын өлшеу мыс-константан терможұбы арқылы ±1°C дәлелділікпен іске асырылды. Цилиндр пішінді үлгіні суыту мақсатында құрғақ мұздың буы мен вольфрамнан жасалған қыздырғыш пайдаланылды. Тәжірибе жүзінде өлшеніп алынған параметрлер бойынша құрылыс механикасындағы белгілі формулалар қолданылып, серпімділік модульдерінің атмосфералық қысымда температураға тәуелділіктерінің графиктері тұрғызылып, алынған нәтижелер теориялық тұрғыдан талқыланды.
Тірек сөздер: көлденең және қума толқындар, толқын жылдамдықтары, мысконстантан терможұбы.
Бижигитов, Т. Құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерінің температураға тәуелділіктерін зерттеу [Мәтін] / Т. Бижигитов, Э. Мадалиева //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.212-219. https://doi.org/10.55956/UVXH4625