Басты бет - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Майлы дақылдардың тұқымдарының ядросынан композициялық тағамдық паста технологиясын әзірлеу
Майлы дақылдардың тұқымдарының ядросынан композициялық тағамдық паста технологиясын әзірлеу
https://doi.org/10.55956/ZPNY2141
Аңдатпа. Бұл мақалада майлы дақылдар тұқымдарының дәндерінен композициялық тағамдық паста технологиясын әзірлеу процесі және рецептурасы сипатталып, математикалық моделі құрылған. Негізгі шикізат ретінде мақсары, зығыр, күнбағыс, соя тұқымдары, сондай-ақ жержаңғақ таңдалды. Осыған байланысты таңдалған тұқымдардың химиялық құрамы қарастырылды, бұл тұқымдардың дәрумендерге, макро және микро элементтерге бай екендігін көрсетті. Майлы дақылдар тұқымдарының дәндерінен композициялық тағамдық паста технологиясын әзірлеу кезінде пастаның қажетті консистенциясына қол жеткізу үшін қосымша шикізат ретінде су таңдалды. Зерттеу барысында дайын өнімге органолептикалық талдау жүргізілді. Нәтижесінде тағамдық құндылығы жоғары және жаңа функционалдығы бар өнім пайда болды.
Тірек сөздер: майлы дақылдар тұқымдары, микроэлементтер, математикалық модель.
Шарбекова, Б.Е. Майлы дақылдардың тұқымдарының ядросынан композициялық тағамдық паста технологиясын әзірлеу [Мәтін] / Б.Е. Шарбекова, С. Әлтайұлы //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.66-75. https://doi.org/10.55956/ZPNY2141